Сәкен Майғазиев Алматыдағы гей-клубты өртеп жіберуге уәде етті

Көгілдірлер клубының қасында тұрып сұхбат беруге намыстанған Сәкен Майғазиев, жынойнақты жағып жіберіп, істі болуға да дайын екендігін білдірді.

"Құдайға шүкір, бізді тыңдайтын адам жетеді. Осындай ешектер үшін біздің түрмеге отыруымызға тура келеді. Өртеп жіберуге дайынмын. Бір аптаның көлемінде осы жерде жоқ болмаса, мен өртеп жіберуге дайынмын", - деп уәдесін берді Сәкен Майғазиев 31 арна тілшісіне.

Күй атасы Құрманғазы мен атақты орыс ақыны Пушкин арқылы жарнама жасамақ болған гей клубтың алдына келген белгілі азаматтар бір аптада шайтани орталық жабылмаса, өздері шара қолданатындарын айтты деп хабарлайды КТК арнасы. "Күй атасы, қазақтың біртуары Құрманғазы бабамыздың аруағын қорлауы және орыстың классигі Пушкинді қорлауы деген бұл барып тұрған опасыздық. Бұл екі аяқты мал деп айтсам артық айттым деп ойламаймын. Екеуін сүйістіріп қойған дизайнер, ол дизайнерді тасаттық жасап өлтірсе де артық болмайды деп ойлаймын өзім. Өртеп жіберуге дайынмын мен. 1 аптаның көлемінде шешім қабылданбаса, осы жерден мына клуб жоқ болуы тиіс", - деді "МузАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев.

Ал күй атасы Құрманғазының ұрпағы тіптен ебіл-себіл. Алғашында ат төбеліндей айбарлы қазақтың біртуар ұлын масқаралағандармен өзі сөйлеспек болған, алайда бабасының абыройы үшін ашынған азаматты келеке етіп қоя салған. Ашынған Нұркен бүгін Алматы қаласы ІІД-не апарып арнайы арыз тапсырды. Ұлтжандылар көгілдірлерді жарнамалайтын суретті салғандарға қарсы арызды аудандық соттар мен ІІМ-не жолдады. Бірақ топ жиналса қарадай тізелері дірілдейтін, оқиға орнына келген жауапты шенеуніктер тысқа ілінбеген сурет иелерін бойынша жазалау әзір қиын дейді.

Источник: NUR.KZ