Ұлыбританиядағы хиджаб

Ұлыбританиядағы мұсылман қыз-келіншектер хиджабты әртүрлі себептен киеді. Reuters фотографы Оливия Харрис Лондондағы хиджаб киген мұсылман қыз-келіншектерді суретке түсіріп, олардан бұл киімді таңдау себебін де сұрады. Фотограф хиджабты тек діни көзқарасына ғана байланысты емес, иба үшін не мұсылман емес адамдардың нәсілшіл пікірлеріне қарсылық ретінде де тағатынын білді.

10 жасар Сана Лондонның шығысындағы Лейтондағы сенбілік мұсылман мектебіне бару үшін хиджаб тағып жатыр. Ол кейде мектепке де хиджаб тағып барады. Анасы: "Сана ендігі жылы хиджабты күнде-күнде тағуына болады. Қай кезде күнде тағарын өзі шешеді" дейді.

10 жасар Сана мен 7 жасар сіңілісі Исра Лондонның шығысындағы Лейтондағы сенбілік мұсылман мектебіне баруға дайындалып жатыр.

Сана мен Исра.

12 жасар Амира Шығыс Лондонда коньки тепкелі отыр. Көптеген құрбылары сияқты 9 жасында хиджаб таққан Амира мектепке де осылай барады. Оның анасы қызына: "Әзірше хиджаб тақпасаң да болады. Әлі жассың" дегенін айтады. Амира хиджабты жақсы көретінін, 60-70 орамалы бар екенін айтады.

12 жасар Мадиха мен 11 жасар Афша Шығыс Лондондағы мешіттің жанында тұр. Хиджабты 8 жас шамасында таға бастаған олар бұл киімді діни тұрғыдан, иба сақтау және өздерін қорғау мақсатында киетіндерін айтады.

Лондонның шығысында тұратын Бренда көзін тексертіп отыр. Мексикада туған Бренда Лондонға келген соң католик дінінен исламға өткен. Дін талабымен өмір сүріп, монахиня болғысы келген Бренда сәби сүйгісі келетін түсінген.

Бренданың қыздары балмұздақ жеп отыр. "Мұсылман емес елде өмір сүретінімді білемін, сондықтан заңды сақтауға тырысамын. Кейде жұрт балаларымды мақтап, маған күле қарайды. Сол кезде мен де жымиямын. Олар беті-жүзімді көрмесе де, күлгенімді көзімнен түсінер деп ойлаймын" дейді Бренда.

Жас жұмысшы, 18 жастағы Сумрин Лейтондағы ислам жастары орталығында балаларға діни ән үйретіп тұр. Ол әлдебір көлік жүргізушісі өзін нәсіліне бола кемсіткен соң хиджаб таққанын айтады. "Көзге оқшау көрінеді екенмін, онда неге хиджаб тақпасақ" дейді ол.

Сундас (сол жақта) анасы Нахид (ортада) және сіңілісі Шанзамен бірге Уолтемстоутағы (Шығыс Лондон) үйлерінде тұр. Қыздары хиджабты әке-шешелерінің қарсылығына қарамастан таққан.

Сундас басына пәкістандық қалыңдықтың жаулығын салып отыр. Ол 18 жасында ата-анасының қарсылығына қарамастан хиджаб таға бастаған. Сундас адамдарға емес, Құдайға жаққысы келгенін айтады.

Хакнидегі (Шығыс Лондон) мектепте емтихан тапсырып шыққан 16 жасар Ясмин (сол жақта) өзімен жасты құрбысы Хананы тербетіп тұр. Хана хиджабты 12 жасынан бастап таға бастаған. Мектепке де хиджаб киіп баратын оның таңдауын ата-анасы қолдайды. Ол хиджаб кигелі Құдайға деген сенімінен басқа ештеңе өзгермегенін айтады.

Емтиханнан шыққан Ясмин мен Хана достарымен бірге қыдырып жүр.

http://www.azattyq.org