Ольга Рыпакова "Бриллиант лигасында" екінші орынды иеленді

Лондон Олимпиадасының чемпионы қазақстандық Ольга Рыпакова Англияның Бирмингем қаласында жеңіл атлетикадан өткен коммерциялық "Бриллиант лигасының" 12-ші кезеңіне қатысып, екінші орынды жеңіп алды.

Ольга Рыпакова

Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясынан хабарлады. Икан стадионында өткен спорт шарасында Ольга Рыпакова ұзындыққа үш қарғып секіруде соңғы мүмкіндігінде 14 метр 37 сантиметрге секірді.

Бұл, Ольганың Лондон Олимпиадасынан кейін жарыс алаңына бірінші рет шығуы. Ольга осы нәтижесімен 2 ұпайға ие болды. Ал Колумбиялық атлет Катерин Ибарген 14 метр 52 сантиметрге секіріп, бірінші орынды иеленді.

Үшінші орында да Колумбиялық Йорисис Уррутия. Оның көрсеткіші - 14 метр 14 сантиметр. "Бриллиант лигасының" 13-ші кезеңі алдағы 28 тамыз күні Швейцарияның Цюрих қаласында өтеді.

Источник: ИА "Казинформ"