«Ақ Берен» жасағының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Облыс прокуратурасы «Ақ Берен» әскерилендірілген атқыламаға қарсы жасағының Батыс Қазақстан филиалында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі залал келуіне әкеліп соққан еңбек заңнамасының талаптарын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды BNews.kz БҚО прокуратурасына сілтеме жасап.Жедел алдын-алу құрамасы қызметкерлерінің жұмыс тәртібі 48 сағат қатарынан жалғасатын ауысым бойынша белгіленгендігі анықталды. Бұл Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабының талаптарына қайшы келеді. Бұдан басқа, жұмыс уақытын дұрыс есептемеудің нәтижесінде тәуліктің 12 сағат бойы, шын мәнінде 24 сағат жұмыс жасалса да, қызметкерлерге төленуге тиесілі ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 109,3 млн теңгені құрады. Облыс прокуратурасының тексеріс материалдары бойынша БҚО Ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 148-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, яғни, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеліп соққан Қазақстан Республикасының еңбек құқығын бұзу белгілері бойынша. Тергеу жүргізілуде. www.bnews.kz