Жастар саясатын жүзеге асыруға бюджеттен 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді

Жастар жұмыссыздығы қысқарды.  Бұл туралы бүгін Білім беру қызметкерлерінің республикалық Тамыз кеңесінің отырысы барысында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде елімізде бір мыңнан астам жастар ұйымдары қызмет етуде, оның 11-і республикалық ұйымдар болып табылады. «Бір жылда жастар жұмыссыздығы қысқарды.  Алайда 16-29 жас аралығындағы  33,7 пайыз жұмыссыз жастар бар (17 мың адам). Халықты еңбекпен қамту органдарының қолдауымен «жастар тәжірибесінен» өтуге 1,5 мың білім беру ұйымдарының түлектері жіберілді», - деді А. Сәрінжіпов. Парламент Мәжілісіне «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасы енгізілгеніне тоқталған ол, «мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін биыл республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді ведомство басшысы. Автор:  http://inform.kz