Биыл елімізде 73 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Биыл елімізде 73 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан білім беру саласындағы қызметкерлердің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.Министрдің айтуынша, 2013 жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен 43 мың орындық 124 мектеп пайдалануға берілген. «2014 жылы 51 млрд теңгеге 73 мектептің құрылысын аяқтау көзделіп отыр. 2015 жылы республикалық бюджет есебінен тағы 47 мектепті пайдалануға беру жоспарланған», – дейді А.Сәрінжіпов. Министр атап өткендей, бүгінде елімізде 70 мың оқушыға орын тапшы.
Айымгүл ӘБІЛЕВА
www.bnews.kz