Неміс кәсіпкері электронды имам жасап шығарды

Германияда The Imam App мобильді қосымшасы пайда болды. Алайда, бұл өнертабыс құбылаға бет бұрған әлемнің барша мұсылмандарына қолжетімді болуы үшін мол қаражатты қажет етеді, деп хабарлайды Ummet.kz.

Неміс кәсіпкері электронды имам жасап шығарды

"Алғаш намазға жығылғанда араб тілінде сүре, дұға жаттау аздап қиындық туғызды. Бұл қосымшаны осындай қиындықтарды жеңілдету мақсатында жасадым", – дейді The Imam App қосымшасын ойлап тапқан неміс кәсіпкері С.Маттиас Менде.

Айта кету керек, Менде 2008 жылы Хақ дінді қабылдаған кезде мұсылман жұртшылығына пайдасы мол құрылғы ойлап тапқан еді. Ол құрылғы намаз уақыттарын дәл көрсетіп, құбыла бағытын анықтауға көп көмегін тигізіп, неміс жұртшылығын бір қуантып тастаған болатын.