Езиттер су таппай, қан ішуге мәжбүр болып отыр

Күрдістанның босқындар лагерінде жүрген Sky News ақпарат көзінің тілшісі Шерин Тадростың баяндауынша, Синжар тауында қоршауда қалған күрдтерден тарайтын езиттердің жағдайынан адам шошиды, деп хабарлайды Islam.kz.Нақтырақ айтсақ, мұсылман қайраткерлері мен ислам ғұламалары бірауыздан айыптап отырған «Ирак-Сирия Ислам мемлекеті» (ИСИМ) содырларының кесірінен 30 мыңдай езит қоршауда қалып қойған. Ауыз судың болмауынан және азықтың тапшылығынан езиттердің балалары шыбындай қырылып жатыр. Баларын аман алып қалу үшін езиттер күре тамырларын қиып, қанын баларына ішкізуге мәжбүр болып отыр. www.bnews.kz