Зарина Дияс алғаш рет әлем теннисшілерінің ТОП-50-не енді

Қазақстандық теннисші қыз Зарина Дияс WTA нұсқасы бойынша өзінің спорттық өмір жолында алғаш рет әлем теннисшілерінің ТОП-50-не енді.

Зарина Дияс Қазақстан тумаларынан бұл санатқа енген тұңғыш спортшы болды. Бұрын бұл спортшылардың қатарында Ярослава Шведова, Галина Воскобоева мен Ксения Первак болған еді. Алайда К.Первак қазір Қазақстан намысын қорғамайды. WTA рейтингінің көшбасшылар үштігінде еш өзгеріс жоқ. Оны бұрынғыдай американдық Серена Уильямс, румындық Симона Халеп пен Қытай өкілі Ли На бастап тұр, деп хабарлайды vesti.kz.

Қазақпарат