Нанкинде Қазақстан қоржынына алғашқы алтын салынды!..

Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды дзюдошы Бауыржан Жауынтаев салды.

Бауыржан Жауынтаев Нанкинде Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
Нанкин-2014: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын салынды
Бұл туралы Қазақпарат Vesti.kz-ке сілтеме жасап жазады. Бұған дейін 55 келіде ел намысын қорғаған жүрген қазақстандық балуанның түркиялық дзюдошы Огузан Карачаны жеңіп, жоғары рейтингі бойынша ақтық сынға жолдама алғанын жазған болатынбыз. Финалдық бәсекеде ол әзербайжандық спортшы Натиг Гурбанлимен белдесіп, басым түсті.

Источник: NUR.KZ