Жалақысы 827 мың теңгелік жұмыс бар!!!

Шілде айында жалақысы ең жоғары бос жұмыс орындары Алматы мен Астанада тіркеліп отыр. 827 мың теңге – мұндай ең жоғары жалақыны Алматының жұмыс берушілері ұсыныпты деп хабарлайды BNews.kz.

Алматыда жалақысы 827 мың теңгелік жұмыс бар

"Шілде айындағы ең жоғары жалақы "Жоғары менеджмент" саласына тиесілі болып отыр. Алматылық жұмыс берушілер OTC препараттарын сату жөніндегі ұлттық менеджердің қызметіне айына 825 000 теңгеге дейін ұсынған. Ал елордалықтар одан сәл аз жалақыны (800 000 теңгеге дейін) жоба басшыларына төлеуге дайын екен. Шымкенттегі фитнес директордың 550 000 теңге көлеміндегі жалақысы үздік үштікті қорытындылады", - делінген шолуда.

Жұмыс берушілер болашақ қызметкерлеріне Java-бағдарламашы, ішкі аудит қызметінің басшысы, жарнама бөлімінің бастығы, геолог-консультант, көлік қызметтерін сату менеджері, инженер-геодезист сияқты мамандықтар бойынша жарты миллион (500 000 теңге) көлемінде жалақы төлеуге уәде беріпті.