ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЫЗЫ 4,9 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ!!!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызы 2014 жылдың 7 айында 0,5 трлн теңгеге өсіп, 4,9 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі ресми сайтында жарияланған хабарламаға сілтеме жасай отырып Baq.kz хабарлайды.

Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсе түсті

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызы 2014 жылдың 31 шілдесіндегі жағдай бойынша 4918,2 млрд. теңгеге жетті. Ал, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 518,2 млрд теңгеге және бір шілде айының өзінде 91 млрд теңгеге өсті", - делінген ҚР Қаржы министрлігінің хабарламасында.

Атап айтар болсақ, үкіметтің қарызы 31 шілдедегі жағдай бойынша 4891,8 млрд теңгені көрсетсе, ішкі қарыз 3980,6 млрд теңгені және сыртқы қарыз 911,2 млрд теңгені құраған. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы биліктің қарызы 15,5 млрд теңгеге жеткен. Жалпы, 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ҚР мемлекеттік қарызы 4400 млрд теңге болған.

Үкіметтің жалпы қарызы 4380,9 млрд теңгені, оның ішінде сыртқы қарыз - 766,4 млрд теңгені, ішкі қарыз - 3614,6 млрд теңгені, Ұлттық банктың қарызы 3,6 млрд. теңгені, ҚР жергілікті атқарушы органдарының қарызы 15,5 млрд. теңгіні көрсеткен. Айта кетерлік жайт, 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 1,33 трлн. теңге болған.

Источник: BAQ.KZ