Ресейлік боксшы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды!

Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша тұрақты әлем чемпионы белдігінің иегері ресейлік боксшы Дмитрий Чудинов осы салмақтағы WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екендігін мәлім етті.

Дмитрий Чудинов Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

Бұл туралы "Чемпионат.com" хабарлады. "Мен Головкиннің соңғы кездесуін көрдім. Шынымды айтсам, Дэниел Гилге көңілім толмады. Менің пікірімше, тұрақты чемпионның суперчемпионмен жұдырықтасқаны жөн. Жұрттың көпшілігі Геннадиймен теке-тіресе алатын қарсылас жоқ дегенді айтады. Өкінішке орай, екеуміздің кездесуіміз туралы келіссөздер ұзаққа созылуда. Ал мен үшін спорт әлеміндегі жұлдызға айналған Геннадий Головкинмен шаршы алаңда шайқасу, үлкен мәртебе", - дейді Дмитрий Чудинов.

Еске сала кетсек, ол 9 тамызда француз Мехди Буадлмен кездеседі. Бұл ресейліктің чемпиондық белдігін қорғаудағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Источник: ИА "Казинформ"