Мас болған әнші үш жылға жүргізуші куәлігінен айрылды!..

"Дауыс International" тобының бұрынғы әншісі Жадыра Құтпанова үш жылға жүргізуші куәлігінен айрылды, деп хабарлайды BNews.kz Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімбетке сілтеме жасап.

Полицейді тістеп алған мас әнші үш жылға жүргізуші куәлігінен айрылды

Еске сала кетсек, Жадыра Құтпанова көлікті мас күйінде басқарған жерінен полицейлердің қолына түсті.

Әнші Бостандық ауданы ІІБ ғимараты алдында мінезін көрсетіп, бір тәртіп сақшысының киімін жыртса, келесісінің қолынан тістеп алды.

30 шілде күні сот қаулысымен Жадыра Құтпанова әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға жүргізуші куәлігінен айрылды.