Бауыржан Қарағызұлы: “МЕНІ БІРЕУДІҢ ӨЛЕҢІН ҰРЛАЙТЫН ҰРЛЫҚШЫ ҚЫЛЫП ОТЫР!!!”
2014 ж. 30 шілде
5760
7
Осыдан үш күн бұрын "В контакте"-дегі жеке парақшама http://vk.com/hasakyn Алина Жогулова деген біреу хат жолдапты. Хаттың мәтіні мынау: "Добрый день! Вас беспокоит Алина Жогулова. Бауржан со всем уважением отношусь к вашему творчеству. Но …должна сказать, что вы присвоил стих моего студента точнее я писатель и руководитель поэтических клубов так же журналист. Нурсултан Муратов является автором одного произведения. Опубликованного от вашего имени. Мы простим удалить это произведение. С /У Алина." Алина Жогулова ФБ-дан "Общественный деятель" деп парақша аштырып қойған, орыс тілінде жазатын жазушы екен. Өз басым ондай жазушыны танымайды екенмін...
Құдай бастарыңызға бермесін, мынандай жағдайға не күлеріңді не жыларыңды білмейді екенсің... «Әкесін сабағанды талай көрген едік, бірақ арбаға байлап сабағанды кім көрген» дегендей, көзің тірісінде көзіңді бақырайтып қойып, жазған дүниеңді, өз өлеңіңді "менің өлеңім" деп жармасқан жындыны бірінші рет көріп, естіп отырмын. Талай өлеңдерімді артымнан ерген кейбір жас ақындар өзгертіп, өз аттарынан жарияағанын естіп, көріп жүремін. "Өлеңдерім ұнаған соң, жақсы көрген соң еліктеп жүрген шығар" деп кешіріммен қарап қоя салатынмын. Кейін кейбір жас бауырларымыз кешірім сұрап, қипақтап жатады. Оған етіміз үйренді ғой... Ал мынау... Мынау адамға ауыр тиеді екен. Өзіңіз ойлаңызшы, біреу сіздің балаңызды "менің балам" десе, сіз қандай көңіл күйде боласыз??! Қош. Сол уақытта Рамазан айы болған соң, өзім ораза тұтып жүрген соң барынша сабыр сақтап бақтым. Алина Жогулова мен Нурсултан Муратовқа: "Бұл қорлықтарың үшін келіп кешірім сұраңдар, ұялмайсыңдар ма, қарақтар?!" деп хат жолдап жібердім. Осы парақшама "Енді мынаған не деуге болады" деп жариялап қойдым. Көптеген адамдар пікір қалдырып жатты. https://www.facebook.com/bauyrzan.karagyzuly Бәлкім, түсініп келіп кешірім сұрар деген үмітте болдым...Кімнің ақ, кімнің қара екенін Құдай да, адам да көріп тұр... Ал өлеңге келетін болсақ, "Бойдақтың мұңы" деген өлең 2005 жылы бойдақ кезімде жазылған. Одан бері кем деген де 100 ден астам басылымдарға, интернет парақшаларына жараяланған шығар. Клара Оразалиева деген Шымкенттік досым тіпті студияда оқып, mp3 нұсқасы телефон алқылы республикаға таралып кеткен. Осы Өлеңім үшін Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде лауреат атанғанмын... Ол аз десең "Өң.Мен.Түс.", "Жұмбақтасқа жауған күз" атты екі кітабыма да енген... Айта берсең көп қой... Көптеген бауырларым мен қарындастарым бұл өлеңді жатқа оқиды... Менің түсінбегенім Алина Жогулова мен Нурсултан Муратов кімді ақымақ қылып отыр, кімді мазақ қылып отыр??? Осылай жазбайын-ақ деп едім, кешірім сұрап әлі келген жоқ. Керісінше, мені біреудің өлеңін ұрлайтын ұрлықшы қылып отыр. Күлкім келеді. Үшінші кітабым шыққалы жатыр, соған жазып тастаған өлеңдерімді жинақтауға қолым тимей жүргенде, жүйкемді ауыртып қойды... Сотқа беру керек шығар... Қалай ойлайсыздар?!