Дәретхана жарылып, бір адам жарақат алды!..

Ақтөбеде дәретхана жарылып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды BNews.kz С. есімді келіншек ауласындағы әжетханаға барып темекі шекпек болады.

tualet_1254 Ішіне жиналған газ шылым тұқылынан сол бойда жарылған. Денесінің қырық пайызы күйген әйел облыстық жедел медициналық көмек беру ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәргерлер жағдайының ауыр екенін айтады. Ал туыстары болса, әлі күнге дейін болған оқиғадан соң естерін жия алмай отыр.

"Үйде отырғанымызда қатты жарылыс болды. Барлығымыз сыртқа атып шықтық. Әжетханамыз бұзылып қалған. Дереу жедел жәрдем шақырдық. Бұрын осы әжетханаға немерем де түсіп кеткен еді. Абырой болғанда аман алып қалдық. Содан бері есігін тарс жауып қоятынбыз. Өрт сөндірушілер үнемі жабық тұрған соң газ жиналып қалған деді. Осындай жағдайға тап боламыз деп ойладық па", - дейді Жәния Сәрсенбаева.