Қазақстандықтарға қажылықтан бас тартуға кеңес берілді!..

Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Сауд Арабиясында коронавирустың жаппай таралуына байланысты биылғы қажылықтан бас тарта тұруға кеңес берді.

905828311

"Біз Қажылыққа кедергі келтіріп отырған жоқпыз. Бірақ халықты биылғы қажылыққа бармай тұра тұруға немесе жылдың басқа мерзіміне ауыстыруға шақыру - біздің міндетіміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ондағы жағдайды жаппай карантин деп қарастырмайды, дегенмен жағдай шынымен де алаңдатарлық", - деді Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, коронавируспен ауру жағдайы ең көп тіркелген аймақ Сауд Арабиясы болып отыр.

Онда 400-ден астам жағдай тіркеліп, 115 адам көз жұмған.

"Бұл - өте қауіпті инфекция. Оған шалдыққандардың өлімі қаупі 70 пайызды құрайды. Қазір 700-ге жуық адамда осы ару белгілері тіркелген, олардың 300-дейі қайтыс болды", - деп атап өтті ол. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/324174.html

Қазақпарат