Хиросимаға атом бомбасын тастаған ұшақтың штурманы көз жұмды...

Хиросима қаласына атом бомбасын тастаған америкалық ұшақ экипажының соңғы мүшесі Джорджия қаласында 93 жасында өмірден озды, деп хабарлайды BNews.kz BBC-ге сілтеме жасап.

teodor_van_kirk "Голландтық" деген лақап атпен белгілі Теодор Ван Кирк Enola Gay бомбалаушысы Жапонияға "Бөбек" бомбасын тастаған кезде 24 жаста болған екен.

Атом бомбасының салдарынан 1945 жылдың 6 тамызында 140 мыңға тарта адам қаза тапты. Үш күннен кейін америкалықтар Нагасаки қаласында тағы бір бомба жарды, мұнда 80 мыңға жуық тұрғын опат болды.

Ван Кирк көзі тірісінде Екінші дүниежүзілік соғысты аяқтауға көмектескенін алға тартып, бұл тапсырманы орындағанына еш өкінбейтінін айтқан көрінеді.