Көкшетауды су басты...

Көкшетауда тәулік бойы толассыз жауған жаңбыр халықты әбігерге салуда деп хабарлайды Қазақпарат. Көкшетауды су басты

Шілденің бел ортасынан басталған жауын-шашын бір толастар емес. Кеше кешкісін басталған нөсер онсыз да мазасы кеткен көкшетаулықтарды одан сайын әбігерге салды. Әсіресе, толассыз жауған жаңбырдың салдарынан облыс орталығындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің төбесінен су ағуда.

Зардап шеккендердің қатарында жақында ғана жөндеу жасаған тұрғындар да бар көрінеді. Тіпті, қаланың орталық көшелерінің судың астында қалуына байланысты көлік қатынасына шектеу қойылды. Горький мен Советская көшесінің қиылысында судың деңгейі тізеден келеді. Бұл жерлерде ТЖД қызметкерлері су сору жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, Шанхай және Жайлау шағынаудандарында жекеменшік үйлерге де су кеткені белгілі болды. Синоптиктердің болжамы бойынша, жақын күндері ауа райының жылы қабақ танытатын түрі жоқ. Керісінше, ертең жылдамдығы 15-20 метрге дейін жел тұрып, күн күркіреп, жауын жауады деп күтілуде. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/323790.html

ҚазАқпарат