Имам қасиетті айда жолаушыларды тегін тасуды әдетіне айналдырды...

Шымкентте қалалық мешіттің бас имамы қасиетті айда жолаушыларды тегін тасуды әдетіне айналдырыпты. Болатбек Нұрманов жеке көлігімен қаланың қай түпкіріне болса да жолаушыларды жеткізіп салып, такси қызметін тегін атқарып жүргеніне бір апта болған.

Шымкентте имам қасиетті айда жолаушыларды тегін тасуды әдетіне айналдырды

Есесіне ол өзін "елдің алғысын арқалап, мол сауапқа кенеліп жүрмін", - деп есептейді. Қасиетті айдың құрметіне тегін көлік 4 күннен бері шымкент көшелерінде зулап жүр.

Қайырымдылықтың мұңдай түрін қалалық мешіттің бас имамы ойлап тауыпты. Болатбек Нұрманов жолаушыларын қалаған жеріне апарады екен.

"Садақадан басқа, қайырымдылықтан басқа өзім ойлап таптым. Автобустар осы айда тегін жүреді. Мен неге өз көлігіммен адам тасымаймын дедім. Бірінші күні ақ төрт мың теңгеге жанармай құйып такси болдым. Барлығы аң таң қалып, такси мен басқа маршруттар ала көзімен қарайды", - дейді Тасбау Сәлімбай атындағы мешіттің бас имамы Болатбек Нұрманов.

Бұрын мұңдайды көрмеген халық, таксидің тегін екеніне бірден сене қоймапты. Халық басында мұндайға таң қалғанымен, артынша қуанып жатыр.

"Мен басында ойладым, ойнап тұр ма деп. Бірақ үлкен кісі қалай бұлайша ойнайды деймін. Бірақ сосын көзіне қарап түсіндім. Құдайға шүкір мұңдайдың болып жатқанына", - дейді жолаушы Назым Баймырзаева.

Бұл құптарлық іске тек таксистер ғана наразы болып отырған көрінеді. Олар "бізді жеп отырған нанымыздан айырдың" – деп налитын көрінеді. Бірақ оған мән беріп жатқан молда жоқ. Ол алпыстан асқанына қарамастан, аузының берік екенін де елеместен қызмет етіп жүр.

"Үлкен далада өрт болып жатса, бір қарлығаштың баласы аузына су толтырып алып ұшып барады екен. "Қайда барасын?" - деп сұрағандарға "Өртті сөңдіруге" деп жауап қатыпты. Бұл да сондай ниет қой", - дейді ақсақал. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/323690.html

7 арна