Оқушылардан ақша жинаған директор!!!

Алматыда "бірнеше заң бұзушылықтарға жол берді" деген айыппен №129 жалпы білім беретін мектептің директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматыда мектеп директоры күзетшінің жалақысына оқушылардан ақша жинаған
Фото: moe-online.ru

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Жетісу аудандық прокуратурасы №129 мектепті тексеру барысында ҚР Білім беру туралы заңының бұзылғандығын анықтады.

Нақтырақ айтқанда, мектеп басшылығы күзетті қамтамасыз ету үшін оқушылардан ақша жинаған. Сондай-ақ оқушылар мектеп директорының педагогикалық әдептен жұрдай екендігін айтып шағымданған. Аталған дерекке байланысты Жетісу аудандық прокуратурасы әкімшілік іс қозғады

Алматы ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы мектеп директоры міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамаған деген шешім шығарды.

Мектеп директоры ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 311-1 бабының 1 тармағы бойынша айыпты деп танылып, айыппұл салынды. Сот үкімі заңды күшіне енді. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/323714.html

ҚазАқпарат