ӘЛІ ӨЗДЕРІН БАСҚЫНШЫҒА БАЛАЙДЫ...

қазақ тілі мемл тіл

“ТҰРЫП ЖАТҚАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТІЛІН НАҚҰРЫС немесе БАСҚЫНШЫЛАР БІЛМЕЙДІ!” Карл Маркс. "  http://www.qazaquni.kz/?p=27228   Бұл - ақын, журналист  Қазыбек Исаның мақаласынан алынған үзінді. Ол мақала болса, аталмыш сайтта жүргендіктен, одан толық үзінді келтірмедік. Ол қысқа мақаланы күйзелмей , бей-жәй оқи алмайсыз...

 Олар салар сол баяғы әуенге, Ұятсыздар, зор-ау сенің дәмең де. Билік: «бізде 140 ұлт бар!» - дейді, Бұдан өткен суайттық жоқ әлемде!..   Айтшы, ұлтым, бұл қорлық па, азап па, Әлде бізді айналдырған мазаққа... «140 ұлт» - сыймас сандар ақылға, «Бари бир» деп санайды олар Казахқа.     Шүлдірлеген тіл білмейтін «анасы», Ол ұлтпенен уланғандар санасы. Ашып айтсам, «140 ұлт» дегені - Қазақтарды есепке алмау шамасы.   «Жоқ» дей ме екен, бұл Қазақтың іздеуі, Біздей үшкір - өздерінше «сіз» деуі. Орысқұлдар - көп мөлшері қазақтың, Бұған жақын таза орыстар біздегі   Қалған ұлттар - сан жағынан шамалы, «140 ұлт!» - миды шаншып, шағады. Өзгені де, өзін де алдап, пақырлар, «Көп ұлтпыз!» деп, бездең-бездең қағады.   Сені үркітіп, Мәскеу жаққа қарайды, Аз ұлттарды езіп, жаншып қанайды. Сол кірмелер, отарлаған бізді ұзақ Әлі өздерін басқыншы ұлтқа балайды.   Солай болып туады олар туғанда, Өліп жатып, үстем қарар бұл маңға. Олар қайтсін, әлсіз тілін Қазақтың «Ұлы ұлттың» тілі үстем тұрғанда.   Олар әлі аяқты алшаң басады, «Мәскеу! Мәскеу!» деп ұрандап, тасады. Онсыз дағы біздей момын Қазақты «Ұлыорыстық» шовинизм басады.   Әне, осындай «ұлы халық - ағамыз», Солар десек, жайлау біздің жағамыз. Қашанғыдай «ұлы ұлттың» алдында Шүлдірлеп кеп, бүкшең-бүкшең қағамыз...   Басқа салды, қайтіп Ұлтым көнеді, Бар тапқанын тек соларға береді. Ал, біздегі құл-қазақтар әлі де Аналарға жәутеңдеумен келеді.   Олар болса, жуан жұдырық, әскершіл, Қай тұста өзі, Қазақ үшін бас кемшін?.. Дегендейін: «балық - бастан шіриді», Бізде билік -тұтастайын Мәскеушіл!..

 Жұмаш КӨКБӨРІ,

26.07.2014 жыл.

qazaquni.kz

қазақ тілі құлыпта