Оңтүстік Қазақстаннан аса қымбат тарихи жәдігер табылды (фото)

Оңтүстіктің археологтары бұрын-соңды кездеспеген тарихи жәдігерлерге тап болды. Ордабасы ауданы, Сарыарық ауылындағы Күлтөбе маңынан тарих жанашырлары осыдан 2 мың жыл бұрын өмір сүрген қаңлы тайпасы мен сармат тайпаларының дәуіріне қатысты адамдардың қорымын ашты деп хабарлайды Отырар телеарнасы.

Оңтүстік Қазақстаннан аса қымбат тарихи жәдігер табылды (фото)

Үңгір етіп қазылған (катакомба) 3 қорымнан жалпы саны 12 адамдың мүрдесін анықтаған мамандар оларды б.з.д ІІ — б.з. ІV ғасырларға тиесілі дейді.

 Оңтүстік Қазақстаннан аса қымбат тарихи жәдігер табылды (фото)

Қорымда әйелдің де, ер адамның да мүрдесі бар. Қаңқаларға жынысына қарай түрлі әшекей заттар мен бұйымдар тағылған.

Оңтүстік Қазақстаннан аса қымбат тарихи жәдігер табылды (фото)

Тарих жанашырларын ең таң қалдырғаны — ондағы әшекей бұйымдарының аса күрделі әрі жоғары сапада жасалғаны. Мәселен, қорымның бірінде әйел адамның тізбек моншағы бар.

Ғалым Александр Подушкин бұл лағыл тастың нарықта 100 мың евро тұратынын айтады. Дегенмен, мәселе құнды заттардың бағасында емес дейді профессор. Сондай күрделі де жоғары сапада бұйым жасай алған біздің ата-бабамыздың өнерлілігі мен білімділігі таң қалдырады.

Оңтүстік Қазақстаннан аса қымбат тарихи жәдігер табылды (фото)

Анықтап зер салсаңыз, тастар тау хрусталінан жасалынған. Археологтардың дерегіне сүйенсек, хрусталь тасын өңдеу үшін міндетті түрде лазерлік сәуле қажет екен. Ал оның қасында жан-жағы алтынмен көмкерілген ортасында лағыл тас орнатылған мойыналқа (кулон) да бар.

Оңтүстік Қазақстаннан аса қымбат тарихи жәдігер табылды (фото)

Ал екінші қорымда жалғыз жатқан әйел адамының қаңқасы бар. Мұндағы адам сүйектері сармат тайпасына тиесілі болуы мүмкін дейді Александр Подушкин.

Қаңқаның айналасы түрлі заттарға толы. Қоладан жасалған айна, діни рәсімдерді атқаратын заттар, түрлі әшекей бұйымдар мен, тіпті, қой асығы да бар. Және кеуде тұсында цилиндрлі үлгідегі 82 данадан тұратын моншақ та бар.

Оңтүстік Қазақстаннан аса қымбат тарихи жәдігер табылды (фото)

Оны археолог киімге жапсыра тігілген болуы мүмкін деп болжайды. Бұл сол замандағы бақуатты отбасынан шыққан әйелдің денесі болуы мүмкін. Осындай жәдігерлерге қарап маман сол дәуірдегі халықтың әлеуметтік тұрмыстық салтының жоғары, экономикасы қарқын алған ел екенін алға тартады.