Достоевскийдің романын оқығаннан кейін оқытушыны өлтірген...

Шымкентте оқытушы Анжелика Ханды жауыздықпен өлтірді деп айыпталған жігіттің соты жүріп жатыр. 20 жастағы сотталушы Тимур Ким процеске журналистердің қатысуына келіскенімен қоймай, бейнеде бет-жүзін жасырмай көрсетуді сұрап отыр.

Шымкенттік Достоевскийдің романын оқығаннан кейін оқытушыны өлтірген Тимур Ким Шымкенттік Достоевскийдің романын оқығаннан кейін оқытушыны өлтірген

Ол қылмысты не үшін жасағанын ашық айтып берді. Достоевскийдің "Қылмыс пен жаза" трагедиялық романын оқып, компьютерлік ойындар ойнағанының осындай іске баруына себеп болғанын да меңзеді.

"Сол күні мен өзім емес, басқа біреу секілді сезіндім өзімді. Мұсылмандарда жын басты деген ұғым бар, солай болғандай көрінді маған. Мен адам өлтіргенімді ержүректілікке емес қорқақтыққа балаймын", - дейді сотталушы.

Тергеушілер жас жігіттің бәрін ашық айтып толық мойындағанына қайран қалып, 4 рет психологиялық сараптама жүргізген.

Естеріңізге салайық, Шымкенттегі жеке меншік мектептердің бірінде 45 жастағы мұғалім көз жұмды. Күдікті әйелдің денесіне 20 рет пышақ салған. Қан-жоса зайыбын жұбайы табалдырық алдынан тауып алыпты.

"20 рет пышақтаған, масқара, ол нағыз қанішер. Оны оңдап жазалағанын қалаймын. Жаудың өзі бұлай өлтірмес, барлығы жас бала деп жатыр, жасаған қылмысы жантүршігерлік", - дейді марқұмның анасы Галина Хан.

Келесі күні-ақ полицейлер көз жұмған әйелдің қызының танысын қолға түсірді. Ол сол күні ұрлық жасамақ болғанын бірден айтып берген. 13 мың теңге мен тұрмыстық техникаларды қолды етіп үлгеріпті. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/323583.html

7 арна