Жас әйел жаңа туған баласын дәретханаға тастап кеткен

Атырау облысы Сағыз ауданының орталығында көшедегі дәретханадан жаңа туған нәресте табылды деп хабарлайды BNews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

mladenec2

"Кеше, 23 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:30-да Сағыз ауылының тұрғыны кезекшілік бөліміне қоңырау шалып, көшеде орналасқан әжетханадан полиэтилен пакетке салынған жаңа туған нәресте табылғанын хабарлады. Шұғыл тергеу тобы мен елдімекендегі полиция бөлімінің бастығы дәрігермен бірге оқиға орнына келіп, пакетке оралған баланы ауруханаға жеткізді", - дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

Полиция қызметкерлері Сағыз ауданының 33 жастағы тұрғыны өз үйінің сарайында босанып, шарананы көршісінің әжетханасына тастап кеткенін анықтады.

Қазіргі таңда анасы баласымен бірге аудандық ауруханада жатыр. Қыз баланың салмағы 2,7 келі тартқан. Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

BNews