Орыс жігіті исламды қабылдады...

Ақтаулық өзге дін өкілі исламды қабылдады. Бұл туралы облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтаулық орыс жігіті исламды қабылдады
Фото muftyat.kz сайтынан алынды

Маңғыстау облыстық мешітіне жас орыс жігіті келіп, өкіл имам С.Сейтбековтің қабылдауына кірді. Өзін Сырбу Роман Юрьевич деп таныстырған ол Ислам дінін қабылдап, мұсылман болғысы келетінін жеткізген.

Ұлты орыс болғанмен, қазақ тіліне судай ағып тұрған 23 жастағы Роман Исламды достарынан үйренгенін, мұсылман болуға өз еркімен шешім қабылдағанын айтты.

"Өкіл имам С.Сейтбеков Романға кәлима айтқызып, Ислам діні туралы түсіндірді. Алланың жіберген хақ дініне бойұсынып, өзін мұсылманмын деп айтуға асыққан Роман өкіл имамның қолынан Құран кітабын сыйға алды", - делінген баспасөз хабарламасында.