Шенеуніктерді қоғамдық көлікке отырғызады!!!

Метроға, велосипедке немесе жеке көлікке отыра ма - шенеуніктер жұмысқа жетуі үшін солардың бірін өзі таңдауы тиіс, деп жазады "Российская газета".

Қытайда шенеуніктерді қоғамдық көлікке отырғызады
Фото: obozrevatel.com

Аспанасты елінде қабылданған заң жобасы бойынша мемлекеттік қызметкерлер қызметтік көлікті шұғыл жағдайда ғана пайдалана алады. Ай сайын шенеунікке көлік шығыны үшін ақшалай өтем беріледі.

Оның көлемі 500-ден 1300 юаньға дейін шенеуніктің рангісіне қарай өзгереді. Әзірге бұл жаңалық орталық үкімет қызметкерлеріне ғана қатысты.

"Артық" қызметтік машиналар аукцион арқылы сатылып, түскен ақша мемлекет қазынасына кетеді. Қытайда "қызметтік көлік" реформасы 1994 жылдан бері созылып келді.

Жаңа заң жобасын сарапшылар "бетбұрысты" сәт деп атауда, ол ұзаққа созылған өзгерістер тарихын тұйықтауы тиіс.

Источник: ИА "Казинформ"