9 жасар оқушы бес баланың анасына үйленді...

Оңтүстік Африкада Санеле Масилелой бес баласы бар, 62 жастағы Хелен Шабангуға екінші рет үйленіп отыр. Олардың алғашқы үйлену тойы былтыр өткен еді.

5acbbd2e387d8f18a0fe9896a23fe29c

Көне дәстүрге сәйкес жас жұбайлар екі рет некеге тұру тиіс: біріншісі күйеу жігіт үйінде болса, екіншісі қалыңдық үйінде. Онсыз бұл неке ресми болып саналмайды. Жас жеткіншекті бұндай қадамға атасының түсіне еніп аян беруі итермелеп отыр.

Ал Хелен Шабангудың күйеуі болса, оған түсіністікпен қарап, қолдады, тіпті 3 мың доллар көлемінде қаржылай сыйлық та жасады.

"Біз марқұм атамыздың өсиетін орындауға міндеттіміз. Егер біздің ұлымыз атамыздың аруағының айтқанын орындамаса, оған бір жамандық келер еді", - дейді күйеу жігіттің ата-анасы.

"Мен Санелеге көмектескім келеді және айналамдағылардың не айтатынында шаруам жоқ", - дейді 62 жастағы "қалыңдық".

Жас жұбайлардың айтуынша, олар бірге тұрмайды. Уақыт өте келе кішкентай күйеу жігіт өзімен құрдас қызға үйленбек ойы бар екенін айтуда, деп жазады шетелдік БАҚ.

Источник: ИА "Казинформ"