Мас әнші мен полицейлердің төбелесі!!!

Алматыда полицейлердің бірінің киімін жыртып, екіншісінің қолынан оңдырмай тістеп алған әншіге қатысты жаза қолданылады.

Полиция қарсылық көрсеткен мас әнші жазалануы мүмкін Полиция қарсылық көрсеткен мас әнші жазалануы мүмкін

Қалалық ішкі істер департаментінің мәліметіне қарағанда, "Дауыс интернэшнл" тобының бұрынғы әншісі көлікті мас күйінде жүргізген. Тәртіп сақшылары ол тізгіндеген шетелдік қымбат көлікті Саин мен Асқаров көшелерінің қиылысында тоқтатады.

Құжатын көрсетуді талап еткен сақшылардың сөзін әнші елемеген. Өзін сұрақтың астына алып қана қоймай, ішкі істер басқармасына сүйреген полицейлерге ренжіген әнші қарсылық көрсетеді. Сондай-ақ өзінің погондыларға ақша бергенін мәлімдеді.

Мұнда әнші алдымен көлікті мен емес, жүргізушім басқарды деп ақталады. Сәлден соң көлік тізгінінде 18 жастағы сіңлім болды деп бет бақтырмады.

Көлікті тақымдаған ол алғашында полицейлерге дөңайбат шегіп аузына келгенін айтқан. Бірақ мас күйінде түк бітіре алмасын түсінген Жадыра Құтпанова полиция қызметкерлерінің бірінің киімін жыртса, екіншісінің қолын тістеп алған.

Қалай десе де, Жадыра Құтпанованы танығанмен, тәртіп сақшылары бұл арудың әндерін сүйіп тыңдамаса керек.

Ал медициналық сараптама қорытындысы әншінің орташа деңгейде мас екендігін анықтаған. Оның қымбат көлігі айып тұрағына қойылды.

Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, Бостандық аудандық ІІБ-да азаматша Құтпановаға қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 355-бабына сай қосымша әкімшілік істі қозғау мәселесі шешіліп отыр.

"Өйткені ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қарсылық көрсетті. Бұл фактілер бойынша тексеру жүргізілу үстінде", - деді ол.

Бір қызығы Жадыра Құтпанова алғашында алғашында аты-жөнін жасырып, өзін басқа әншімін деп таныстырған деп хабарлайды КТК арнасы. "Қай топта ән айтайсыз?" деген сауалға ол: "Кешью", - деп жауап берген.