АҚШ Boeing-тің құлауына РЕСЕЙШІЛ СЕПАРАТИСТЕРДІ КІНӘЛАУДА!..

ұшақ апаты малайзия 1

АҚШ зымыранды нақты кімнің атқанын айтып отырған жоқ. Бірақ, олардың пікірінше, сепаратистер жолаушылар лайнерін қателесіп атып құлатқан.

Бұл жайында америкалық арнайы қызметтің жоғары шенді өкілдері кеше өткен баспасөз мәжілісінде баяндады. Олардың айтуынша, ұшақ "Бук" зенитті-зымыран кешенінің көмегімен атқыланған.

Ал, сепаратистерге қару-жарақ Ресей жақтан келіп отыр дейді америкалықтар.

Естеріңізге салайық, 17 шілде күні Амстердамнан Куала-Лумпурге бет алған Боинг-777 ұшағы Донецк маңында апатқа ұшыраған болатын.

Салдарынан оның бортында болған 298 адамның барлығы қайтыс болды.