4 қызға АИТВ дертін қасақана жұқтырған жігіт...

Теміртау қаласында жабық жағдайда өткен сотта бір жігітке ауыр үкім кесілді. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ немесе жалпақ тілмен айтқанда СПИД) әдейі жұқтырғаны үшін әлгі жігіт 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Теміртауда 4 қызға АИТВ дертін қасақана жұқтырған
Фото: ©РИА Новости

АИТВ дертімен ауыратын жігіт өз ауруын 4 қызға қасақана жұқтырғаны белгілі болды. Төрт қызбен ол ғаламтор арқылы танысқан көрінеді.

Өзінің ауруын біле тұра ол жыныстық қарым-қатынас кезінде мүлдем сақтанбапты да.

Қыздарды медициналық тексерістен өткізу барысында бәрінен АИТВ белгісі анықталған. Олардың бірі тіпті екіқабат болып шықты. Сонымен, 25 жасар жігіт 7 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қа­таң режимдегі колонияда өтейтін болды.