Оралман әйел орыс тілін білмегені үшін жұмыстан қуылды!

Астанадағы торт пісіретін цехта еден жуып, күнін көрген Эльвира Қадырова бір айдан бері жұмыссыз. Атажұртқа отбасымен қоныс аударған оралман әйелді мекеме басшылығы тиісті құжаттарын сұрағаны үшін жұмыстан шығарған көрінеді.

Астанада оралман әйел орыс тілін білмегені үшін жұмыстан қуылды

Скриншот: 31 арна

Тіпті басшылар орыс тілін білмейсің деп менсінбей, өзгелерді айдап салып таяқ та жедім дейді келіншек.

"Төрт адамға ұрғызды. Менің азабым өзге ұлттардан, бұл жерге азап көрем деп көшіп келген жоқпын Қазақстанға. Директорым орыс, иесі армян. Бұлар орыс тілін білмейтін болғасын менсінбей ваще. Мені жұмыстан қуған себебі, орыс тілін білмеймін. Және мен келісімшарт сұрағам, төрт балам бар", - дейді Элвира Қадырова. Ұжымдағы өзге әйелдерді өзімен бірге ертіп шыққан цех директоры оралманның айтқандарын жоққа шығарып, ақталумен болды.

Эльвира Қадырованы жұмыстан шығаруға орыстың тілін білмеуі емес, ұжыммен сиыспауы себеп дейді. Яғни, еден жуушы өзге әйелдерді балағаттап, төбелесіп, тіпті қол жұмсап күн бермеген көрінеді. Келіншектің бұзықтығын құжат жүзінде дәлелдейміз деген басшылық, Эльвира Қадырованы төрт баласымен бірге уақытша берілген баспанадан да айырмақ.

Шиеттей бала-шағаммен қайда барам деп жыларман болған оралман әйелдің зарын тіпті тыңдағылары келмеді. Бұл баспананы уақытша тұруға бердік деген басшылар босатуын талап етіп отыр. Үлкендер осылайша  үйге таласып жатқанда,  сәбилер армандарын айтып, көздері жасқа толды. Астанаға елім-жерім деп келген оралман әйел жұмыстан қуылып, құқығының тапталғанына ашулы. Оралмандарға жағдай жасалуда деп шенеуніктер жиі айтатын әдемі сөздердің тек қағаз жүзінде ғана қалғаны ғана өкінішті дейді. Орыс тілін білмегені үшін жұмыстан қуылдым деген оралман келіншек құзырлы органдарға шағым түсіріп, әділдіктің орнатуын талап етпек. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/322201.html

31 арна