ПУГАЧЕВА ПУТИНГЕ: «Макаревич сый-сыяпаттың бәрін саяси қайраткерлігі үшін емес, өнері үшін алды...»

пугачева путин

Пугачева Андрей Макаревичтің басындағы жағдайды айтып Путинге хат жазды. Пугачеваның хаты туралыпугачева макаревич  Ресей баспасөзі жария етуде. Ресейдің поп-жұлдызы, примадоннасы – Алла Борисқызы Пугачеваның мемлекет басшысына жазған хатында айтылған жайттарды Лия Ахеджакова, Анна Терешкова, Ирина Прохорова сияқты өнер майталмандары қолдап жатқан көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, «Машина времени» тобының жетекшісі, музыкант-әнші Андрей Макаревич Ресей билігінің Украинаға жасаған қиянатын сынға алып, қатты айыптаған болатын. Ол тіпті орыс халқының өзін де аямай: «Орыс азаттықты, бостандықты білмейтін халық. Қолынан нақты іс те келмейді. Бұйрықпен жұмыс істеп, бұйырған еңбекақысын алып жүре береді» деген болатын. Макаревич бір сұхбатында Путинге де тілінің бізін сұғып алған-ды. «Ресейдің жаңа тренті қазір КСРО кезіндегідей бесінші колоннаны ояту болып табылады. Бұған кәнілі – бүгінгі билік. Шамасы, президентіміз Путинді білім алған ортасы солай тәрбиелесе керек», - деді ол.( В.В. Путинге 1975 жылы КСРО КГБ-сының аттестаты берілген. Оқи жүріп барлау саласында қызмет еткен ол кейін офицерлік курсты тәмамадаған соң КГБ-ның жоғары мектебіне қабылданған. - ред). Осындай сөздері үшін қазір Макаревич қуғынға түсе бастағанға ұқсайды. Әріптесінің басындағы қиындыққа алаңдаған Алла Борисқызы оны Нобель сыйлығын алуға келісім бергені үшін қуғынға ұшыраған әйгілі орыс ақыны Борис Пастернакқа теңейді. «Ауған жеріне Совет танксін кіргізуге қарсы болған Андрей Сахаров та бір кездері Макаревичтің сөзін айтқан еді» дейді Пугачева. Украинадағы ахуалға байланысты Макаревич өзінің ойын айтуға, пікірін білдіруге хақылы, сол үшін оны бұрынғы мараппатарынан айыруға белсене кіріскен саяси тұлғалар мен баспасөз өкілдерінің ісі қате дей келіп Пугачева: «Макаревич осы уақытқа дейінгі сый-сыяпаттың бәрін саяси қайраткерлігі үшін емес, өнері үшін алып келді», - деп жазыпты Путиннің құзырына арнаған ашық хатында. Пугачеваның ері, белгілі шоумен-артист Максим Галкин де «саясат пен шығармашылық жұмысты шатастырмау керек» деген сөзді айтып жүр. Саяси биліктің шешімдерімен, іс-әрекетімен келіспеу өзін сыйлайтын, өнеріне бек сенетін, халқын хан көретін жұрттардың әншілерінде, өнер қайраткерлерінің арасында болып тұратын мінез. Осындайда Ресейдің жоғары бір марапатынан бас тартқан Вахтанг Кикабидзенің ерлігі еске түседі. Сөйтеді де өзіміздің Бибигүл апамыздың: «Менің немерем ит сияқты, қазақша түсінеді, бірақ сөйлей алмайды» деген сөзі ойға оралады. Содан кейін омырауына орден-медальдарын самсатып тағып алып, «КСРО әртісі» деген атақты бәрінен артық бағалайтын апа-аталарымыз көз алдымызға келіп тұра қалады. Abai kz