Джастин Бибер вандализммен айналысқаны үшін 2 жылға сотталды

Әйгілі канадалық әнші Джастин Бибер вандализммен айналысты деген айыппен 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Лос-Анджелес қаласының аймақтық соты осындай шешім шығарды, деп жазады lite.bnews.kz BBC News-ге сілтеме жасап.

Бибер сондай-ақ 81 мың доллар айыппұл төлеуге міндетті. Джастин Бибер сонымен қатар 5 күндік қоғамдық жұмыстарға тартылды және ол 12 апталық арнайы курстан өтуі тиіс. Істі қарау барысында әнші өзіне тағылған айыпқа қарсылық білдірген жоқ.

Айта кетейік, Бибер 2014 жылдың қаңтарында Калифорния штатының Калабарсас қаласында болған оқиғаға байланысты жауапқа тартылып отыр. Әнші көршісіне жұмыртқа лақтырған болатын. Зардап шеккен азамат Бибердің бұл қылығын бейнетаспаға түсіріп алып, полицияға арыз жазған.

Сот отырысына Бибердің өзі қатысқан жоқ. Әншінің жасаған қылмысы ауыр болмағандықтан, сот отырысына қатысу-қатыспауы өз еркінде.