«СЕНГЕН ҚОЙЫМ СЕН БОЛСАҢ...»

Жасарал өз халқының тамырына балта шабуға кіріскенін айтуды міндетім деп санаймын.

Жасарал-1  Жиырма бес жылдан бері білетін, қазақ қоғамына белгілі саясаткер Жасарал Қуанышәлин mamai2 туралы бүгінгі осы айтқанымда титтей де болса, жалғандық бар ма деп, алдымен өзіме сұрақ қойдым.  Жоқ, бәрі де шындық!  Бұл - Жасарал Қуанышәлиннің «Атака на газету  «Ашық алаң» -  провокационная акция» деп аталатын «Ашық алаң» («Трибуна») газетінде 2014  жылдың 4-маусымда жарияланған жалалы мақаласынан туындады.   Мен Жасаралдың осы мақаласына орай өз пікірімді қазақ тілінде жазғаным, біріншіден, бұл «Ашық алаңды» шығарушылар өздерін қазақ халқының мүддесін қорғаушылармыз деп айта отырып, бірақ газетті тек орыс тілінде шығарады. Редакцияға бір барғанда Жанболат Мамайға «неге қазақ тілінде ақпарат жазбайсыздар» деп айтқан едім. Ол менімен келіскен, бірақ қаншама уақыт өтсе де, уәдесі орындалмады. Екіншіден, Жасарал сияқты орысша жазсам, онда басқа ұлт өкілдерінің «қазақтар бір-бірінің аяғынан шалмаса, жүре алмайды» дегендерінен аулақ болу үшін еді. Көп жылдар бұрын, «Азат» қозғалысы басталғаннан бері Жасарал екеуміздің қазақ халқының бұрынғы, қазіргі, болашақ жағдайына көзқарасымыз бір болған. Сондықтан әрқашанда мен оны қолдап, насихаттап жүрдім. Енді, міне, Жасаралдың жазған мақаласына қарай, ол туралы көзқарасымды мүлде өзгерттім. Жасарал өз халқының тамырына балта шабуға кіріскенін айтуды міндетім деп санаймын. Ол өз мақаласында ұлт батыры - Серік Сапарғалиды «ұлт сатқыны» деп айтқаны жалақорлық дер едім. Жасарал Серікті сонау 90-шы жылдардан жақсы біледі. Серік «Азат» қозғалысының Ақтөбе облыстық бөлімшесінің төрағасы болған. Қазақстанның батыс өңіріндегі қарапайым халықтың мүддесін қорғаған белсенді күрескер, мұнай-газ өндірісіндегі білікті маман. Бірақ Жасарал бәрін ұмытып, ә, дегеннен өз мақаласында Серікті өрескел жалақорлыққа барды деп, әсіре ұлтшылдардың арасына қоса салған. Жасаралдың ойынша Сәкен Жүнісовтің «Орыс тіліне мемлекеттік деңгей беру керек» дегеніне қарсы шыққандардың бәрі қып-қызыл жалақорларға жатады екен. Сөйтіп, «Ашық алаң» газеті әрқашанда адал басылым, халықтың мүддесін қорғайды деп аңқау елді арамза молда болып сендіргісі келеді. Шын мәнінде, «Сәкен Жүнісовтің қазақ тіліне қарсы, орыс тілі мемлекеттік тіл болсын дегенін «Ашық алаң» газеті жариялағанында ешқандай қауіп жоқ» дегені Жасаралдың басының айналғаны деп білемін. Осыдан 10-15 жыл бұрын мемлекеттік қазақ тілі нақты қолданыста болу үшін Атазаңның 7-бабы, 2-тармағындағы «орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» дегенді алып тастау керек және ҚР Президенті міндетті түрде ресми жиындарда, шетел өкілдерімен қазақша сөйлесуге міндетті деп «Қазақ әдебиеті» газетінде жазып, «Бар мен жоқ» бағдарламасы арқылы тікелей эфирден де айтқан болатынмын. Жасарал оны жақсы біледі. Ал 2011 жылғы Атазаңның 7-бабы, 2-тармағындағы орыс тілі туралы бапты алып тастап, қазақ тілін қолдауды талап еткен әйгілі 138-дің хатына Жасарал мен Жанболаттың қарсы шыққаны белгілі.  Біле білсек, Сәкен Жүнісовтің бұл «орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беру керек» дегені бірінші сандырағы емес. Ол «Ашық алаң» газетінің екі бетін толық алған «Природа казахской коррупции» атты мақаласында (25.06.2014 ж.) қазіргі орысқұл режимнің жағымсыз қылықтарын бүкіл қазақ халқының жаратылыс қасиеттері деп жариялаған. Осыған Жасарал не айтар екен? Жасарал «Қазақ үні» газетінің басшысы Қазыбек Исаны да Серіктің «жалақорлығын» өз газетінде пайдаланды деп кінәлайды. Ал шындығында қандай адамдарға Жасарал таскенедей қадалып, қаралап отыр? Серік туралы қысқаша ғана ақпар бере кетейін. ҚР Президенті сайлауында 2011 жылы тіркелген 11 үміткердің ішінде билікке ең «қауіпті» ұлт патриоты Серік болды. Сондықтан оған 91 мың қол жинауға билік мүмкіншілік бермеді. Мысал ретінде, қазақ халқына ең маңызды бір сұхбатын келтірейік. Ол «Панорама» газетінде (4.03.2011) жарияланды. Серік Сапарғалидың айтқандарынан үзінді: «... кто борется за возрождение своих традиций, языка, истории, религии, их называют “национал-патриотами» и сделали врагами народа». «Власть поставив русский язык выше казахского, привлекла на свою сторону русских». «...Существующее неуважение к казахской нации, ее языку и традиции, может привести в конечном итоге к такой же ситуации, как в Оше и Джалал-Абаде». «...Казахстан стал колонией России и Китая. ... Сейчас идет мощная китаизация нашей страны. Больше полумиллиона китайцев работают у нас. Только в Алматы свыше пяти тысяч казахских девушек вышли замуж за китайцев и уже рожают детей, которые уже никогда не станут казахами, будучи хуацяо. Только в Алматы сейчас уже имеется больше 275 китайских кафе, столовых, гостиниц… Наше государство стоит перед угрозой полного исчезновения...» Міне осылай өз сұхбатында семсердей өткір пікірлерді айтқан да Серік болатын. Жаңаөзен, Шетпеде болған қанды қасіретке байланысты Серіктің азаматтық ерлігін бүкіл қазақ қоғамы біледі. «Серік басқарған «Ұлт, Рух, Отан, Жаңғыру» ұйымы жұртшылыққа үндеу жариялады. Онда қойылған басты мәселе – егемендігімізді нығайту, қазақ мемлекетін құру. Ол үшін отарсыздандыру т.б. өзекті мәселелер бойынша заң қабылдау керектігі айтылған»- деп жазды «Правда Қазахстана». Ал Жасарал болса, осының барлығын сыпырып тастап, Серікті бірыңғай қаралауға көшкен. Тағы да бір мысал, Алматы қаласы бойынша ақсақалдар алқасы құрамындағы ең жасы Серік Сапарғали «Дат» газетінде (29.04.2014) жариялаған «Нам такой союз не нужен!» деген мақаласында Еуразиялық одаққа жан-жақты дәлелдермен қарсылық көрсетті. «Ашық алаң» газетіне (30.04.2014) «Старейшины Алматы против заключения договора о ЕАЭС» деген өткір материалды дайындаған да Серік болатын. Қазақ ұлтының беткеұстар азаматтарын қаралауда Жасарал алдына жан салмайды. 2009 жылы 24 бет болып басылған «Мұхтар Шақаловтың (Шахановтың) шайтандықтары» атты Хасен Қожахмет, Жасарал Қуанышәлі және басқа адамдардың М.Шахановқа қарсы пікір айтқан көптиражды кітапшаны кеңсе, оқу орындарында, тұрғын үйлерде, қоғамдық орындарда таратты. Бұл жерде Мұхтар Шахановты Жасарал «биліктің адамы» дейді. М.Шахановтың саяси деңгейі төмен, бірақ өзін мықты қайраткер көрсетуге өте құмар. М.Шахановтың бейнесін кейбіреулер Құдаймен теңестіреді деген. 24 беттік кітапшада М.Шахановтың ерлігі айтылмай, тек қана кемшіліктері көрсетілгені. Ал, Шахановтың ерлігі мен азаматтығын бүкіл ел біледі. Жасаралдың тағы бір жала жауып, жабысқан адамы ол – «Қазақ үні» газетін басқарып отырған ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері Қазыбек Иса. Жанболат Мамай мен Инга Иманбайды Жасарал «осылар Еуразиялық Одақты сынға алушылардың бірінші қатарында» деп көкке көтеріп айтады. Ал Қазыбек Исаның «Қазақ үні» газетінде «Мен тек қана Еуразиялық одақты қолдауын көремін» дейді. Әрине, бұл шындыққа жатпайды. Мен «Қазақ үні» газетінің көп жылдан бері тұрақты оқырманымын, мақалаларым да басылып тұрады. Қазыбек Исаға ешқандай адвокаттың керегі жоқ, мен тек шындықты айтуды парызым деп санаймын. Қазыбек өзі-ақ «Жасарал-Жанболат, жапқан жалаларыңның «жаназасы шықты» деп, «Қазақ үні» газетінде адам өлтіретін дәлелдермен сойып салыпты ғой. Сонда соқырға таяқ ұстатқандай етіп, жалақорлардың аттарын атап, көздеріне шұқып тұрып, мақалалар тізімін беріпті. Мен енді қысқаша ғана Жасаралдың бұл газеттен «көрмегенін» шолып өтейін. Бұл мақалаларды Қазыбек те жоғарыдағы қарсы жауабында келтіруді керек етпепті... «Жас қазақ үні» газетінде «Лебединая песня» атты мақалада (27.04.2010) Еуразиялық Одақ пен Кеден Одағының қазір-ақ интеграциялық жобасы күйреу үстінде тұрғанын көрсеткен. Бұл күйреудің астарында банк жүйесінің пайызы, биржалық, алыпсатарлық, сыбайлас-жемқорлық, сатқындық т.б. жағымсыз себептер келтірілген. Қазақстанның барлық саладағы экономикасының күйрегені нақты айтылған. Келесі «Когда Казахстан выйдет из ТС?» деген мақалада Мұхтар Тайжан Кеден одағының Қазақстанға қандай зиян келтіретінін жаған. «Қазақ үні» (17.04.2012) Кеден одағын сынға алып, Қазақстанға пайдасы жоқ екендігін айта келе Еуроодақ біздің ҚР заңдарына қайшы келетінін де атап көрсеткен-ді. Бір сөзбен айтсақ, ұлтымыз бен қазақ халқының мүддесін көздеген газетті қоса қаралау Жасаралдың шын мәнінде кім екенін көрсетеді... Реті келгенде мына бір жағдайды да айта кетейін. 2014 жылы наурыз айында Ж.Мамай мен Е.Бапи өздері басқарған газеттерінде қатарласып, Сергей Дувановтың «Совок, оглянитесь в будущее» атты мақаласын жариялаған. Оның мақаласында жалған сөздер жеткілікті. Мысалы: «...эта страна не казахов ... местные националисты способствуют авторитаризму Назарбаева... если кто не понимает этого, очень опасные люди для независимости Казахстана...» т.б. Бұған ашуланып, қаным қайнаған мен  «О живучести имперского сознания русских в России и русской диаспоры в Казахстане» (26.03.2014) деген мақаламды «Дат» редакциясына апардым. Ермұрат Бапи бұл мақаламды жариялаймын деп, бір айдан астам созып, ақырында бас тартты. Осыдан кейін мақаламды Жанболат Мамайға жібердім. Ол маған: «Басқа басылымдарға бермеңіз, 14-мамыр күні жариялаймыз» деп жауап берді. Бірақ Жанболат та сөзінде тұрмады, яғни шығармады. Сондықтан мақаламды «Қазақ үні» редакциясына бердім. Қазыбек Иса «Қазақ үні» газетінде менің С.Дувановқа тойтарыс берген мақаламды 27 мамыр 2014 жылы жариялады. Бұл мақаламда да Ж.Қуанышәлі қазақтың мүддесін қорғаушы деп көрсеттім. Кезінде ол, шовинист Петр Своиктің қазаққа қарсы істерін сынға алған да болатын. Осы «Қазақ үні» кезінде Ж.Қуанышәлінің «Кто вы Юрий Мизинов?» деген мақаласын жариялады. Ал мен Жасаралды қолдап, «Юрий Мизинов - проводник великодержавного шовинизма» деп жауап жаздым. Ал енді Жасарал болса, Қазыбек Исаға жалақорлық жасап отыр. Шын мәнінде, кім ұлт сатқыны? Оны оқырмандар өздері-ақ енді сезіп отырған шығар...  Оқырмандарға менің айтарым, Серік Сапарғали мен Қазыбек Иса  – ұлт батырлары. Ал «Қазақ үні» газеті өз кезегінде нағыз қазақтың шынайы даусына айналып отыр дер едім. Енді Жасарал Қуанышәлі неге «Ашық алаң» газетінде ұлт батырларын оқырмандарға қаралап көрсетпекші? Оның жауабы бұрыннан белгілі. Жасарал әу баста саясатқа келгенде, өзінің көзқарасынан бөлек пікір айтқан адамды жау деп санап, оны шеттетіп, қасына жолатпайтын. Осындай жағымсыз мінездеріне қарамастан, ол қазақ елін «басқарамын» деген дәмесін  үзбейді. Жасаралдың «стратегиялық» саясаты осындай. Оның бар кемшілігі –өзімшілдік, адамгершілікке жатпайтын жат мінезінде. Былайша айтқанда, нағыз ұлт батырлары Мұхтар Шаханов, Серік Сапарғали, Қазыбек Исаға қазақ қоғамы алдында  жала жауып, өзі көсем болып шыға келмекші. Бірақ осынысымен-ақ Жасарал өз жолын өзі жауып алды. Менің де оған деген көптеген жылдарғы сенімімді жойды. Сондықтан Жасаралға «Сенген қойым сен болсаң... бүйтіп маңырағаныңды ұрайын» демеске амалым жоқ.

төлеубек   Төлеубек СЕЙІТҚАЛИҰЛЫ,

  Қазақстан азаматтық «Азат» қозғалысының бұрынғы төрағасы,

  сәулетші-ғалым, қоғам қайраткері

   gu-gu.kz

  Қажымұқан Ғабдолла. Ж.ҚУАНЫШӘЛИН ҚАЗАҚТЫ ҚАЛАЙ САТТЫ?   http://www.qazaquni.kz/?p=14089 Серік Сапарғали: “ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ Әбіләзовтің МАЙШЕЛПЕГІНЕ АЙЫРБАСТАП ЖІБЕРДІҢ, ЖАСАРАЛ!”  http://www.qazaquni.kz/?p=13685 ЖАПҚАН ЖАЛАЛАРЫҢНЫҢ ЖАНАЗАСЫ ШЫҚТЫ, ЖАСАРАЛ-ЖАНБОЛАТ!                  http://www.qazaquni.kz/?p=25608