БРАЗИЛИЯНЫҢ КҮЙРЕУІ! – ГЕРМАНИЯНЫҢ БИЛЕУІ!

германия бразилия 7-1

ЕСЕП 7- 1

ОЙЫННЫҢ 29 МИНУТЫНДА бас-аяғы 18 минутта БРАЗИЛИЯҒА... 5 ГОЛ СОҒЫЛДЫ!

ТАРИХТА БОЛМАҒАН МАСҚАРА!!! БРАЗИЛИЯ ОСЫ МАСҚАРА ҚОРЛЫҚТЫ КӨРУ ҮШІН ӨТКІЗГЕН ЕКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН!!!! БРАЗИЛИЯ ҮШІН ҚАРАЛЫ КҮН!

Алғашқы голды Бразилияға  11 минутта Мюллер салды! Алғашқы 5 гол 11 минуттан 29 минут аралығында бас аяғы 18 минутта салынды! Орта есеппен әр 3 минутта 1 гол! Тіпті 1 минуттай уақытта 2 гол соқты Кроос! Әр баласы анасынан туа салып, доп қуалап кететін әлемнің 5 дүркін чемпионы үшін, өз елінде өткізген чемпионаттағы мұндай масқара тарихта болып көрмеген қорлық! Германия футбол тарихында сенсация жасады! Германия бар мадаққа лайық! Гол салғандар: Мюллер 11 минутта. Клозе 23 минутта. Кроос 24, 26 минуттар!!! Хедира 29 минутта. ГЕРМАНИЯ - БРАЗИЛИЯ 5-0 !!!  БРАЗИЛИЯ,ҚОРЛЫҚТАН ӨЛ!-деп жаздым дәл осы кезде фейсбуктегі парақшама... күйініп тұрып... Міне, тағы 69 минутта Шюррле 6-шы голды салды! Ал 79 минутта Щюррле 7 голды салды!!! Бітті!!! Ары қарай жазу мүмкін бе?!! Бразилия ойын бітерде ырымға 1 гол салды-ау әйтеуір! Есеп 7-1!!! Масқара, масқара! Бразилияда қаралы күн! Қаншама жанкүйер шейт болып кеткенін ертең білеміз... Әзірге мұндай қорлыққа шыдамаған бразилиялықтар туларын өртеуге дейін барып, бүлік басталып кетті! Халқының көбісі осы әлем чемпионатының өтуіне  қарсы болып, көшеге көп шығып кетіп еді... Қарашы енді мына сұмдықты!!!  Құдай ақырын берсін! Немістерің сұмдық екен! Неміс машинасы деген осы! Бразилиялықтарды өз отанында таптап, ойрандап кетті! Аяушылық деген болсайшы!.. Күйінгенмен не пайда? "Дүние деген алма кезек! Өмір бірде бетін, бірде артын береді" деген қазақтың мақалдарымен  бразилиялықтарды жұбатып, Гитлердің Қазақстандағы "сенімді өкілі"  Нағашыбай досымды... құттықтап, поштасына телеграмма салдым... Біздің үйде жеңіске неміс мінездес Гүлназ қызымыз жетті! Бәстесуден көйлек ұтып алды Германияға жақтасып!..  Әсіресе, бразилиялықтардың айнымас жанкүйері Жәннат шешесіне, футболшы інілері  Әзірет пен  Қанышқа қиын болды... Біз ұтылдық!  Иә,8 шілде -  БРАЗИЛИЯНЫҢ КҮЙРЕГЕН КҮН! – ГЕРМАНИЯНЫҢ БИЛЕГЕН КҮН!

Қазыбек ИСА

qazaquni.kz

Бразилияда қаралы күнБразилияда қаралы күн 1 футбол Бразилия германия