Зорлықтан қорғайтын шалбар...

Үндістандағы Варанаси қаласында тұратын 2 қыз зорлаушылардан қорғайтын әйелдерге арналған шалбар ойлап тапты.

Бағасы небәрі 25 рупий (0,42 АҚШ доллары) тұратын шалбарға ұсақ электрондық құрылғы орнатылады. Құрылғы жақын маңдағы полиция бөліміне дабыл және шабуыл жасалған әйелдің тұрған орны туралы ақпарат жібереді. Бүгінгі таңда Үндістанның 200-ден астам полиция бөлімшелері ақпарат құралдарымен жабдықталған. Үнділік БАҚ-та зорланған әйелдер туралы ақпараттар жиілеп кеткендіктен, 21 жастағы Дикша Патак және 23 жастағы Анджали Шривастава шалбарды жасауға бел буған екен. Олардын айтуынша, құрылғының қуат көзі 3 айға дейін жетеді, кейін оны алмастыру қажет. Статистика бойынша Үндістанда әрбір 22 минут сайын зорлық-зомбылық жасалады. Егер шалбарлардың тәжірибеде шын көмегі тисе, бұл жаңа өнім ұлттық деңгейде қолданысқа енбек. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/320892.html   ҚазАқпарат