Румыниялық азаматшаға марқұм әжесі селфи жіберген

Джина Михай атты румыниялық азаматшаның телефонына 3 жыл бұрын қайтыс болған әжесі селфи жіберді, деп хабарлайды The Daily Mirror.

Әйел тамақ пісіріп болып, телефонын қараса, телефон экранында әжесенің суреті тұр. Марқұмның мойнында жылан сияқты бірдеңе оралған.

34 жасар әйел селфиді тәуіпке көрсетіп, мұның мәнісін сұрағанда тәуіп оған бұл о дүниеден жіберілген белгі деген. Ал мойнына оралған жылан әжесінің бұл дүниедегі күнәларын бейнелейді депті.

Ол әйелге әжең үшін көбірек дұға тіле деп кеңес берген. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/320821.html

ҚазАқпарат