Планшет үшін зардап шекті...

Алматылық жас қыз өзін тонап және зорлап кеткендігін айтып полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Қазіргі таңда 23 жасар екі азама қатарынан екі қылмысқа қатысы бар деген күдікпен қолға түсті.

Фото: orensmi.ru
Фото: orensmi.ru

"Олардың әрекетінде адамның жеке басынна қарсы жасалған ауыр қылмыстың сыйпаты бар. Қылмыстық істің деректеріне сүйенсек, кешкі сағат 21.00-де шамасында екі қарақшының көзіне Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында бір бойжеткен көздеріне түседі. Жас қыз қараңғы жерге жеткенде қаскүнемдер оны ұрып-соғады.

"Жәбір көрген қызды қорқытып кісі жүрмейтін жерге баруына күштеп көндіреді. Сол алаңқай жерде қызды зорлап, ол аз болғандай қолындағы планшеті мен ұялы телефонын алып кеткен", - делінген хабарламада.

Бірақ күдіктілер қылмысын мойындамай отыр. Әуезов ауданы ІІБ мәліметі бойынша, бұл екі адам басқа да қылмыстарға қатысты болуы мүмкін. Сондықтан, олардың барлық істері полиция есептері бойынша тексеріледі.

Алматы ТВ