Қытайда ұл көп, қазақта қыз көп...

casamiento-chino Әлеуметтік желілерде талқылауға түскен Қытайға білім іздеп кеткен жастардың салмақты мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Ашығын айтсақ, мәселе біз ойлағаннан да тым қиын боп тұр… Бірінші толғау. Қытайда ұл көп, бізде қыз көп Сексенінші жылдардың ортасынан бастап Қытай елінде «жоспарлы туу» саясаты басталды. Ішкі Қытайда одан да ертерек басталды. Бұл бағдарлама мемлекеттің қатаң бақылауы астында қауырт жүрді. Әлі жалғасып келеді. Осы заңның жұртты таң қалдырған айырықша бір тармағы болды. Ол – қытайларға бір бала, аз ұлттарға үш бала тууға рұқсат етілуі еді. «Құдай-ау, бұл не деген әділетті халық, мемлекет иесі бола тұрса да, өздерінің көптігін ескеріп, бір балаға ғана рұқсат етті. Ал, аз ұлттардың өсуіне зор қиянат жасауға ұяттары жібермей үш балаға дейін рұқсат беріп отыр. Бұл халықтың мына жақсылығын немен өтер екенбіз» деп, аз ұлттар қауқылдасқан ғой. Сөйтсек, мәселе басқада екен. Үш ұйықтасақ түсімізге кірмепті. Жалпы өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап Қытай ғалымдары  өздерінің гендік жақтан қатты әлсіреп бара жатқан ұлт екенін айтып, қайта-қайта дабылдатқан болатын. Батыс ғалымдарының біразы гендік жақтан қытай «қартайған ұлт» деп айқын дәлелдермен шегелеп тұрып айтқан. Ол пікірлер рас еді. Тіпті аса ауыр салмақтағы спорт түрлерінің нәтижелеріне қарап-ақ білуге болады. Соңғы 50-60 жылда, ауыр салмақта әлемді мойындатқан бірде-бір қытай спортшысы шыққан жоқ. Қазақтың әр ауылынан атып шығатын  әлем чемпиондарына бір жарым миллиард халқы бар Қытай әлі зәру. Бұл нені білдіреді. Гендік тұрғыдан қытайлардың ұсақталып кетуінің белгісі. Сонымен Қытайдың қасқа бас  ғалымдары ақылдаса келіп: «Сапасыз ұрпақты саусылдатып таптыра бергеннен пайда жоқ, одан да, ұлттың сапалық деңгейін көтерейік. Ол үшін қытайларға бір-ақ бала рұқсаттаймыз,  олар ұрпақ жалғастыру үшін тек ұлды ғана өмірге әкелуге қам жасайды. Ал, аз ұлттарға үш  балаға дейін еркіндік берелік, сонда олар ұлды да, қызды да туады. Және оларға «қыз бала туу керек!» деген идеяны шегіне жеткенше дәріптейік. Ақырында қытайда ұлдар көбейіп, аз ұлттарда қыздар көбейеді де,  біздің жігіттер аз ұлттардың қыздарына үйленіп тынады. Сөйтіп, қан жаңарады, ұлт сапаланады». Міне, саясат осылай басталған. Қытай барып, үш аймақтың жерін аралап көрсеңіз: әрбір қазақ үйінің дуалына немесе там қабырғаларына: «қыз бала да ұрпақ!», «қызды тумау надандық!», «қыз да ұрпақ жалғастырады» деген мазмұндағы қаптаған ұрандар жазулы тұр. Қытай ғалымдарының айтқандары айнымай келді. Соңғы жылдары Қытайда 90 миллион ұл артылып шыға келді. Олар қатын алмай ма? Алады әрине, кімді? Аз ұлттардың өсіп кеткен қызын алады. Сөйтіп, Қытай үшін  қыз өсіріп жатырмыз. «Мен қытайды сүйемін!» Азан шақырып ат қойып, ақ ботадай желкілдетіп өсірген қызыңды жетпіс жеті атасынан бері кәпір қытайдың қойнына салып беру… Ойлаудың өзі қорқынышты.  Амал қанша, мұндай жағдайлар болып жатыр.  Әлгі артық шығып қалған бойдақ қытайлар өз ішіндегі аз ұлтты былай қойып, жоспарлы түрде Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия сияқты көрші елдердің қызына ауызды салып кеп жіберді. Өзіміздің Талдықорған, Ақтау, Ақтөбе  өңірлерінде қытайға тиген  қыздар жайлы еміс-еміс естіледі. Осы орайда, Қытайдағы қазақ қыздарының халі тіпті мүшкіл. Мектептен бастап қытаймен араласып өскен қазақтың бүлдіршін қыздары әр қытайдың жетегіне ноқталы ботадай ере жөнелетін болды. Күллі Шынжан өңірінде бірде-бір таза қазақ мектебі қалған жоқ. Ес біліп, етек жаппай жатып, қытаймен бірге өскен балада жирену деген қалмай барады. Кезінде  сауда істеп, ауыл аралап жүрген қытайды табалдырық аттатпай, үй сыртынан жолға салатын,  олар ас ішкен ыдысты топыраққа үйкеп он қайтара ысқылап жуатын, тірі қытайдың бәрінен тіксініп тұратын… қазақтың бүгінгі ұрпағы басқа. Дәл қазір Шынжанда: ашудан жарыла жаздағаны бар, қызын сабағаны бар, қытаймен құда болғанына мақтанғаны бар, бетімен жер басып ұялғаны бар… неше түрлі  оқиғалар болып жатыр.  Қанша таяқ жесе де, беті қайтпай «Мен қытайды сүйемін!» деп қасқайып тұрған қызды көрдік. Әкесінің   үйірген қамшысынан  қайыр болмады?! Болары болып, бояуы сіңген соң, үйірген қамшыдан пайда жоқ екен.  Бармағыңды шайнап түкіріп тастасаң да енді ештеңе орнына келмейді…

(жалғасы бар)

АЯНБАЛА Шер – Алтай

namys.kz