«45 минуттық білім» Республикалық конкурсы (Жоба)

ЖОБА

Білім мекемелері, ұстаздар, оқышулар, ата-аналар шығармашылығын ТВ және БАҚ арқылы насихаттау үшін "45 минуттық білім"  Республикалық конкурсы(Жоба) жоба түрінде талқылауға ұсынылады. Конкурс негізгі төрт бөлім бойынша қатысушылардың кәсіби, шығармашылық, өнер, танымдық бағыттағы шығармашылық деңгейіне баға беретін шығармашылық конкурс болып есептеледі.

Конкурсқа қатысушылар командалық, жеке және ұжымдық түрде қатынасуға мүмкіндік алады. Шығармашылыққа шектеу қойылмайды. Конкурстың бастапқы іріктеу сайыстары  облыстық деңгейде ұйымдастырылып, облыстық конкурс жеңімпаздары Республикалық конкурсқа қатысуға жолдама алады. Республикалық конкурс нәтижесі Астана немесе Алматы қалаларында гала концерт түрінде ұйымдастырылып, нәтижесі бойынша жеңімпаздар марапатталады. Облыстық, Республикалық конкурс қатысушылары қатысушы сертификаттарымен марапатталады және жеңімпаздарға сыйлықтар мен кубоктар беріледі. Конкурстың сайыстық бөлімдері: 1.Оқушы шығармашылығы 2.Ұстаз шығармашылығы 3. Ата-ана шығармашылығы 4. Туған жер таныстырылымы Конкурсты бағалау және сарапшылар Конкурсты сараптау сарапшылардың бағалауы және көрермендердің таңдауы нәтижесінде бағаланады. Сараптау алқасына төрт бағыт бойынша сарапшылар шақырылады. 1. Өнер саласы – Бір сарапшы 2. Ұйымдастырушылық – Бір сарапшы 3. Білім-ғылым бағыты – Бір сарапшы 4. Танымдылық – Бір сарапшы Конкурстың алғашқы таныстырылымы Балқаш қаласының күніне орай 2013 жылдың қыркүйек айында Балқаш қаласында  өткізілуі жоспарланған Республикалық семинарда өткізіледі. Конкурсқа қатысу және ұсыныс талаптар, бірлесе ұйымдастырып қызмет атқару туралы арнайы ұсыныстар izgilik19@mail.ru – Редактор поштасына хат түрінде жіберу сұралады. Редактордың байланыс телефоны: 8 771 186 6545, 8 777 055 0590. Нағиев Ізгілік Байдрахманұлы. E-mail: izgilik19@mail.ru Конкурс барысында жарнамалық бағытқа арнайы орын қарастырылған. Барлық қызығушылық білдірушілерді конкурсқа "Бас демеуші" "Демеуші"   "Ақпараттық қолдаушы"  бағыттары бойынша қолдау көрсетуге шақырамыз. Конкурс туралы толық ақпарат 2013 жылдың шілде айында жарияланады. Толық ақпарат жарияланғанша конкурс құжаттамасы жоба түрінде талқыланып, ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.