Білім саласындағы бассыздықтар
14 қазан, 2011 // 3 пікірБіз неге тіл мәселесінде жалтақтай береміз?
Қазақ тіліне қатысты туып отырған даудың себебіне үңілсең еріксіз ашуың келеді. Өйткені бұның барлығы өзіміздегі биліктің саяси солқылдақтығынан туып отырған жасанды жәйттар. Мәселен, өткендегі Теміртаудағы мектепке байланысты өрбіген оқиғаны алайық. Қаладағы 32 мектептің 4-і ғана таза қазақ тілінде білім беретін болып шықты. Бұны біздің шенді-шекпенділердің білім саясатындағы жіберіп отырған үлкен қателігі, тіпті саяси соқырлығы деу керек. Себебі, олар қазақ тілін өркендету үшін жасалып жатқан шаралардың барлығын жоққа шығарып, қазына қаржысына мектептерде Ресейдің болашақ азаматтарын оқытып әлек болып жатыр. Осылай демеске амал жоқ. Әлде бұлардың бірыңғай орысша білім алып шыққанына мемлекет мүдделі ме? Мемлекетіміздің ішкі саясаты, өзіміздің ұлттық мүдде қайда қалады сонда? Бұдан қорытынды шығарсақ, Қазақстанның болашағына қазақ тілі керек емес. Орыс тілі өзге мемлекеттің тілі. Мемлекеттің оқушыларды осы тілде оқытып текке шығынданып жатқанына қарағанд,а қазақ тілінің болашағына қатысты айтылып жатқан көп баяндаманың көпірме сөз екеніне көзің жетеді. Әйтпесе, бәрі керісінше болып, 32 мектептің төртеуі ғана орысша, қалғаны тек қазақша оқытуы тиіс еді.. Біз Башқұртстан мен Татарстан сияқты Ресейдің құрамында емеспіз. Құлдықтың қамытын қайтып кигіміз де жоқ. Олардың конституциясында орыс тілі ресми тіл деп көрсетілсе, біздегі атқамінерлердің оны ресми мәртебесінен айырудан неге жүрексініп отырғаны белгісіз. Ресми тіл статусын алатындай орыс тілінің еліміздегі басқа тілдерден ешқандай артықшылығы жоқ. Орыс тілі де еліміздегі өзге ұлт тілдері сияқты диаспораның тілі. Кірме, келімсектердің тілі. Ал оларды басымызға шығарып, диаспораның тілін мемлекеттік деңгейге көтеріп тастаған жалпақшешейлігіміз ақылға сыймайтын әрекет. Қазақстанның көп бастамасына көршілердің күлетіні осыдан. Тіпті экономикалық жетістігімізді жиі салыстыра қарайтын өзбектердің өзі «орыс болғың келсе, алдымен, қазақ бол» деп бізді мазақ қылады. Әйтеуір тілге қатысты саясаттың дүбәра тұстары өте көп.
Жоғарғы оқу орындары жөнінде де осылай деуге болады. Университеттердегі оқу әдісі де әлі қазақ және орыс топтарын екіге бөліп оқытқан Кеңес кезінен келе жатқан ескі жүйемен жұмыс істейді. Егер үкіметтің қазақ тіліне қатысты айтқан уәделері шын болса, қазірден бастап болашақ кадрларды неге тек қазақ тілінде тәрбиелеуді қолға алмасқа? Оларды орыс тілінде оқытып шығарудың және оған мемлекеттің есебінен көп ақша бөліп шығынданудың мақсаты мен мәнісін түсіне алмадық… Еуропа елдерінің логикасына салсаң, олар мұндайды мемлекеттің қаржысын текке шашу, ақылға сыймайтын абсурд деп бағалар еді. Өкінішке қарай, бізде осындай ақылға сыймайтын, тіпті мемлекеттің тұтастығына қауіпті ысырапшылдықты қалыпты нәрсе деп қабылдайтын санасыздық қалыптасқан. Білім саласындағы бассыздық осылай жалғаса берсе, 2030 жылға қарай өз тілін білмейтін, ұлтының уызына жарымаған шала қазақтардың тағы бір толқыны шығатынына күмәніңіз болмасын. Өйткені, отарсыздану процесін қазірден бастап қолға алмасақ, кейін оның зардабын тағы тартатынымызға шүбә жоқ. Мемлекеттік тіл, ең алдымен, қалада қалыптасады. Өйткені, ол заман ағымына қарай бейімделіп, технология мен ғылым жаңалықтарына ілесе отырып дамуы тиіс. Әйтпесе көштен қалып қояды. Ал техника тіліне айнала алмаған тіл бұқараның қатынас құралы болудан қалады. Біз қазір осы үдеден шыға алмай отырмыз. Қолымызда барлық мүмкіндік бола тұра, тілдің дамуына қасақана кедергі жасаудамыз. Ал мемлекеттің төл тілінде түсінісе алмайтын ел Ұлт болып ұйысу мүмкіндігінен айырылады.
Біздің діттегеніміз осы ма сонда? Еліміздегі осындай болашағы бұлыңғыр бастамаларды ойша қорытып қарасаң, біз келешекте Қазақ мемлекетін емес, дүбәралар мемлекетін құруға жанталасып жатқанымыздай әсер аласың. Шетелден келетіндердің Қазақстаннан Ресейдің әлдебір губерниясына келіп-кеткендей әсермен қайтатыны да осыдан. Ең өкініштісі, осындай түсініксіз түйткілдерге ел тұтқасын ұстағандардың өзі түрткі болуда. Себебі, бұндай былықтарды реттеп отыратын нақты ұлттық идеология мен бағдар жоқ. Оны қалыптастыруға талпыныс тағы байқалмайды. Бұл істің алға жылжуына Қазақстандағы саясаттың негізгі тізгінін орыстілділердің ұстап отырғаны да кедергі келтіруде. Ал олар жуық арада қазақ тілін тиісті тұғырына қондырып, оны мемлекеттік идеологияның өзегіне айналдыруға құлықсыз.
Жолымбет Мәкішев
Ұқсас мақалалар
-
«Біздің заманымыздың Дон-Жуаны» немесе ұстаз деген ұлық атқа кім ...
7 мамыр, 2012 // 1 пікір«Ет сасыса тұз себеді, тұз сасыса не себеді?» Қазақ даналығы Газетке түркістандық оқырмандардан...
-
БАР АСЫЛДЫ ШЕТЕЛДЕН ІЗДЕМЕҢДЕР
27 сәуір, 2012 // 0 пікірРас, шетелде білім алудың пайдасы бар. Шетелден білі алып келген адамның әлеумет...
-
Интернаттағы қыз өлiмi жұмбақ күйiнде қалды... Ал директор жалға ...
20 сәуір, 2012 // 1 пікір* Интернет пен интернат 20...
-
Оқулық қалды өгейлеп...
19 қазан, 2011 // 1 пікірАдамзаттың ең қымбат қазынасы білім екеніне ешкінмің дауы жоқ. Жалпы кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақты...

Апталық жұлдыз - жорамал



Билік қазақша сөйлемей, тірлік оңбайды. Бұл мәселеде еліміздегі өзге тілділерде тұрған ештеме жоқ. Қазақшаға қажеттілікті арттыратын орта қалыптастырылуы тиіс деп ойлаймын.
өТЕ ДҰРЫС!
ТІЛ ТУРАЛЫ НАҚЫЛ СӨЗ .
Тіл адамның сөйлесетін құралы ,
Елдерменен танысатын ұраны .
Шырын тілде махаббатпен ләззат көп ,
Шұбар тілде даңғой сөзді әдет көп .
Тілі тәтті шарықтайтын ел болар ,
Тілін үйрен , жүрген жолың кең болар .
Тіл біткенде айырма көп бірақта ,
Бұл қалай деп қайырмасын сұратпа .
Тіл болмаса адам қалай күн көрер ,
Өзгеріспен өмір мәні өзгерер .
Тілім менің болашағым ежелден ,
Сақтандырған мәңгүрт деген кеселден .
Жер бетінде түрлі – түрлі тілдер көп ,
Түсініссе бірін – бірі іздер кеп .
Тілмен бірге жетіледі ой санаң ,
Тіршілікте ұрпақ қамын ойланам .
Ел болатын халықтардың тілі бар ,
Аңдысқанның , соқтығыстың зілі бар .
Тілден жұғар байқамасаң улы зат,
Кесіп тастау қиын болар сол бір ат .
Дыбыстардан құралады тіл деген ,
Ұят болар сөзін сөйлей білмеген .
Әрбір елдің тіліне сай әні бар ,
Көңіліңе жағатұғын мәні бар .
Жаралғанда ежелден біз сақ болдық ,
Қазақ деген таза тілге тап болдық .
Тілі өшсе өлгені ғой халқынның ,
Сақталмайды өлеңдері ақынның .
Тіл сөз , мата бөз , көрген көз ,
Түсінбеген маубастардан жылдам без .
Ұрпақтарға жалғасады асыл сөз ,
Тілді жөнде санаң болса ұғын тез .
Бесіктегі сәбилердің дыбысы ,
Тілмен бірге қатаяды тынысы .
Тілі майда , беті жылтыр адамның ,
Сырты бүтін , іші түтін арамның .
Құрама сөз тілге біткен драма ,
Ойнаймын деп орға қарай құлама .
Ана тілің таусылмайтын қазына ,
Үйрен – жирен ұшырамағын назына .
Тыңдай білсең тілдер көп сөйлей білсең ,
Қайдан болсын өз тіліңдей білмей жүрсең .
Сенімсіздік тілден жұғар қарасаң ,
Дүниеде сатқындар бар санасаң .
Тас жаратын өткір тілде сөздер бар ,
Бас жаратын тіл ұшында көздер бар .
Қазақ деген өз тіліңнен безбегін .
Тоқи білгін дәмді сөздің өрнегін .
Тіл қорына енген сөзді жазып ал ,
Қолданатын кезі болар ұғып ал .
Өзен суы сарқырмайтын бұлақ көз ,
Жұлдыз болып жарқырайды еркін сөз .
Тілді жөнде Бақыт , байлық іздесең ,
Неге жүрсің пенде болып сезбесең .
Әйел тілі нұр – еркек тілі зіл ,
Ажыратып көр нәрлі сөзді бұл .
Азғын заман талайдың тілін кескен ,
Ақын арман сақталып қасірет шеккен .
Шер болап жабыспасын достың тілі ,
Жер басып жатсадағы оның ізі .
Үлбірейтін білінбейтін тіл майда ,
Ойлайтыны бір басына зор пайда .
Тілдей берсең от жанады үрлемей ,
Сол себептен тыныш жүргін үндемей .
Өсек – аяң жеткізбес тілі жүйрік ,
Бір басында тұрғндай өлі күйік .
Еліңнен алшақ кетсең түрің байқар ,
Қай ұлттан екеніңді тілің айтар .
Жануарлар өз тілінде сөйлесер ,
Түсінбесе бүйірлесіп сүзісер .
Тіл ушығар оқалақ сөзін киіп ,
Өсекпенен зым – зия кебін жиып .
Айтыңдаршы қазағым нені ойлап ,
Қамықпастан жүрмісің тілмен ойнап .
Төзім , сезім егіз болар тың сөзбен ,
Тілді байқап сөйлей білгін оң көзбен .
Ашық көңіл адамдардың сөзі сау ,
Жалаңдаған сатқындардың тілі жау .
Ақылсыз достарымнан қалай безем ,
Ақылды дұшпанымның сөзін сезем .
Сөйлемесең шындық сөзден ар кетер ,
Сөйлей берсең өсекпенен сөйлетер .
Азбас – тозбас тілдің мүлкі өлсеңде ,
Егесі жоқ сөз не керек тізгенде .
Мақтаншақ сөзге құмар қызыл тіл ,
Ол ұятыңды ойламайды сырын біл .
Алаңғасар тілге жүйрік біздің оғы ,
Атылады бықсып жанып сөздің шоғы.
Құмға сіңген су жаман – шөлдегенде ,
Сұмға сенген сөз таман – іздегенде .
Сақтанамын деп әр қашан байқайсың ,
Тілмен орап жылы сөзбен мақтайсың .
Өз тіліңнің білесің бе , тазасын ,
Басқа елге қазақпын деп барасың .
Туған елің жаз жайлау жарқын өмір ,
Ана тілің шыңдалған болат – темір .
Тілден туар қайсарлық пен батырлық ,
Жау шапқанда ел қорғауға шақырдық .
Бесігіңнен тербетілер өз тілің ,
Есейгенде тыңдай білгін сөз түрін .
Өз тіліңнен таба алмасаң тәттісін ,
Ел ішінде бір өзіңе қатты сын .
Өмір сүрер бұл адамдар бір беткей ,
Өкпе – бауыр шұбатылған шектердей .
Үйренгін тіл , жолыңды біл мақтанба ,
Өз тіліміз елге еніп жатқанда .
Табысады , жарасады үнменен ,
Ғашықтарда сырласады тілменен .
Қызғанышпен қинамғын еліңді ,
Өсек айтпай силай білгін тіліңді .
Аллаһ өзі сөйлесін деп тіл берген ,
Өз тілінен безген ерді кім көрген .
Алшақ кеттің , алыстадың тіліңнен ,
Қайдан таптың қыңыр сөзді бүлінген .
Жылы сөздер оятады сезімді ,
Сынап көргін өз тіліңмен өзіңді .
Тіліміздің тұрақтаған тұрағы ,
Елің болар мөп – мөлдір су бұлағы .
Сандырақ сөз батпағын кешеді ,
Жүйелі сөз нық сүйектен өтеді .
Ар – ұятың тілмен бірге жүреді ,
Өтірік сөз Ит секілді үреді .
Ойлы сөзбен бабалардан тіл қалған ,
Үйреніңдер сауап болар тілалған .
Ұмытпағын қазақ деген атыңды ,
Тілің үшін иіп өткін басыңды .
Басыңда болсын ой – сана ,
Адам боп жүргін ойлана !