Қазақтың бетіне қалай қарайсыз, Мырзатай мырза?!.
22 ақпан, 2011 // 46 пікір
Қазақша нан сұрай алмайтын Қасымовты өткізу – қазақ тілі мен қазақты қорлау! Мемлекеттік тілді, яғни мемлекетті қорлау! Мемлекет басшысын – Президент сайлауын қорлау!
Не көрмеген біздің байғұс қазақ?! Міне, енді қазақ тілін қақпайтын, қазақшасы нан сұрап жеуге жетпейтін сенатор Ғани Қасымовты кезектен тыс президент сайлауының мемлекеттік тілден емтихан алатын лингвистикалық комиссиясы зуылдатып «өткізіп жіберді»… Комиссия төрағасы Мырзатай мырза беті бүлк етпестен «Ғани Қасымов қазақша жақсы меңгерген» деп соғып тұр…
Бұл нені білдіреді?
Бұл біріншіден, қазақ тілін, яғни қазақты қорлау! Бұл мемлекеттік тілді, яғни мемлекетті қорлау! Мемлекет басшысын – Президент сайлауын қорлау!
Бұл екіншіден, бізде ең бірінші кезекте қара бастың қамы үшін қандай өтірікке болса да бару тұр да, ал ар, намыс, ел алдындағы абырой дегендердің барлығы екінші кезекте, бәлкім… соңғы кезекте қалғанын көрсетеді. Қазақша қақпайтын Қасымовты өткізіп, Қайсардың бетіне ғана емес, қалың қазағыңның бетіне қалай қарайсыз, Мырзатай мырза?
Бұл үшіншіден, ел тағдыры шешілетін Президент сайлауына қатысып, ұлттың сөзін сөйлеп, халық тізгінін қолға ала алатын қарағайға қарсы біткен қайсар қайраткерлердің жоқтығын (Қайсардан басқа) көрсетеді…
Мырзекеңе қоятын елдің бір сұрағы бар: «Сіз басқарған комиссиядағы қазақ тілінен нан жеп жүрген академигі бар, докторы бар, ғалымдардың бір де біреуі «Қасымов қазақша жақсы біледі» дегенге қол қоюға қарсы болып,” бұндай масқараға қосылғанша, комиссия құрамынан шығайын” деген жоқ па?»
Олай болса, бізде бәрі “қазір жаз мезгілі” деп басшысы айтса, барлығы 100 пайыз дауыс беретін парламенттің көшірмелері ғой, не үміт, не қайыр?
Мырзатай «Президенттікке үміткерлікке өту үшін орфографиялық қате екеуден аспау керек» деп талай сайраған еді… (Қайсарлар үшін болу керек шамасы). Ал Қасымовтың қатесі орфографиядан 3 қате, барлығы 10 қате ғана-мыс… Комиссия бұл жерде тағы бір нөлді қасақана ұмытып кеткен секілді… Және біз бұған, Қасымовтың қатесі 100 емес… 10 қате дегенге сенуге тиіспіз… Сынақ нәтижесін жариялап тұрған Мырзекеңнің бетіне қарасаң, солай сияқты… Ал Қасымовтың қазақша түк білмейтінін, ол екі жердегі екі төрт болады дегендей талқылауға жатпайтын ақиқат екенін лингвистикалық комиссиядағылардан басқа оны білетін ұяты бар әрбір адам айта алады… Оған мектеп оқушысының да миы жетеді…
Қазақша нан сұрай алмайтын Қасымовтың қазақшаны қалай «білетіні» туралы мен «Қош бол, оппозиция» атты мақалада жазып, ол өткен аптада www.qazaquni.kz, abai.kz және zonakz.net-те (DODA блогы) жарияланған болатын. Қайталап өтейін: «Болат бірақ, қазақшаны Қайсардан артық біле қоймайтын шығар деп ойлаймын. Ал Ертісбаевты жолда қалдыратыны анық… Қазақшасы «Алға» партиясы төрағасы Владимир Козловтан да, тіпті Ресей Президенті Д.Медведевтен де кейін, «нан бер» дегенді айта алмайтын Ғани Қасымовты айтпағанда… Айтпақшы, сол Қасымов баяғыда Президенттікке кандидат болып, бар бітіргені эфирде стақан сындырып, көк базарда көрінген шалдың көк сақалына жармасатын кезінде қазақ тілі сынағынан қалай өткеніне таңым бар… Әрине, билікке өз ана тілін, мемлекеттік тілін білмейтін, патриоттықтан жұрдай «Патриоттар» партиясы «көсемінен» гөрі қайсарлығы басым Қайсарлар қауіптірек болуы керек…»
Енді соған өкініп отырмын, Қасымовты қайдан ел есіне салдым екен, айтып, ауыз жиғанша екі кештің арасында екі иығынан демалып, ентігіп жетіп келіпті Президенттікке үміткер болуға… Комиссия одан да жылдам екен, әлде, бәрін өздері жазып, дайындап қойған ба, бір құдай біледі… зуылдатып өткізіп жіберді… Шамасы, не жазып (кім жазып) не қойғанын Ғанекеңнің өзі де сезбей қалған болу керек. Шоумен сенатордың бар тындырғаны сенатта қолы бос болғасын «Екі жұлдыз» шоуында жаттаған әнін былдырлап, барқырап айтып беріп, комиссияға «енді осыған риза болыңдар, менде қазақша басқа түк жоқ» дегеннен басқа не дей алады?..
Кеше КТК арнасында бір облыстағы тендер өткізгенде орыс тілінен бір қате кеткені үшін үміткерді құлатып, жергілікті газеттер «орыс тілінен бұлай қате жібергені үшін жазалау керек» деп сілтеп жіберіп жатыр екен. Ал тілшілер тендер құжатындағы қазақ тіліндегі нұсқаны тексерген екен, қып-қызыл қатеден көрінбейді һәм олар тендерден зуылдап өткен… Тәуелсіздігіне 20 жыл болған Қазақстанда Ресей тілінен қате кеткені үшін жазалау керек болса… (қандай парадокс!) Мемлекеттік тілден қыруар қате кеткені үшін ең ауыр жаза белгілеу керек шығар онда…
Бұны білгенде қазақшасы Қасымовтан тәуір Владимир Козлов та құжат тапсыратын еді ғой… Сонда ақсақалдарымыз бастаған лингвистикалық комиссия неге айналып отыр бұл жерде? Аузынан Алланы тастамайтын Амантай қажының «бұл комиссияға емтихан тапсырмаймын» деп сенімсіздік көрсетуі тегін болмады…
Айтып-айтпай не керек, Мұхтар Шаханов бастаған ұлт патриоттары ұйымдары Мырзатай Жолдасбеков бастаған лингвистикалық комиссияны (мүшелері: Сейіт Қасқабасов, Шерубай Құрманбаев және т.б.) сотқа беру керек!.. Бұл ұлт патриоттарының ғана жұмысы емес, елге, тілге қатысты қоғамдық, мемлекеттік органдар да, барлық ел патриоттары патриоттықтан жұрдай (мемлекеттік һәм ана тілін білмеген адам қандай патриот?!) Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымовты және онымен сыбайластыққа барған лингвистикалық комиссияны Мемлекеттік тілді қорлағаны үшін, Мемлекетті қорлағаны үшін, Мемлекет басшысы – Президент сайлауын қорлағаны үшін… Сотқа беруі тиіс!
Қазыбек ИСА
Ұқсас мақалалар
-
ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОМАНДАСЫНДА БОЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ! ...
8 мамыр, 2012 // 4 пікірОсыдан 21 жылдай бұрын тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, бүкіл қазақты елең...
-
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕЙ ОРЫНДАУ ҚИСЫНСЫЗ... ...
8 мамыр, 2012 // 2 пікірҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНА, ҮКІМЕТІНЕ, ПАРЛАМЕНТІНЕ ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНЕ ҮНДЕУ Қазақ тіліні...
-
ЖЕТПІСТЕГІ ЖІГІТ
7 мамыр, 2012 // 0 пікірБіздің бүгінгі әңгімеміз Төлеубек Сейітқалиұлы Қарамендетегі туралы. Көзі қарақты адамға бұл азаматт...
-
Халқымыздың жүз жылдық тарихының көркем шежіресі ...
7 мамыр, 2012 // 0 пікірӨткен ғасырдың алпысыншы жылдары – қызыл империяның шаш ал десе бас алатын қылышы жалаңдап тұрған ке...
Апталық жұлдыз - жорамал



Ағайындар ҚАЗАҚтар алаңға шығу үшін кем дегенде 10000 не 15000 адам жинайық ұлтын сүйетін (қала қазағы ауыл қазағы)ешқандай провокациаларға үрынбайтын адамдар жинап, тек бейбіт түрде шығайық. ел жер тек біздіке ғой ағайындар тек біз жауаптымыз Ел үшін Мемлекет үшін. Көрсетейік бірлігімізді. Қазақ деген бірлігі мықты ел екенін. Алаңға шығатындар 10-15 мыңдай болмаса билік қорықпайды және қолымыздан келгенше Қазақстанның барлық қалаларында ұйымдастыру керек. Біздерге жастармен, жұмыссыздармен және орта тап өкілдерімен жүмыс істеу керек. Елге түсіндіру керек бейбіт шерудің мақсатын. Біз елдің егесі екенімізді. Елдің тағдыры қолымызда екенін біз ұлт болып ұйысқан халық екенімізді. Көрсетті ғой Египет пен Тунис бейбіт шерумен билікпен күресуге болатынын.Египет тақтан кеткен президенті Мүбәрак аитып еді мен кетсем халық бірін бірі талап тастайды деп.Көріп отырмыз ғой қазір мысыр халқы аман есен қайта одан сайын ұйымдасып бірлігі артып жатқанын. Таразан .
Мырзатай ағаны қатты сыйлаушы едік. Мұнысы ұя болған екен . Түрінен ақ көрініп тұр өзгергені.
“Бетімнің қалыңдығы , жанымның тыныштығы” деуші еді Мырзатай ағаның
Талдықоғандағы бір әріптесі. Тура былшыйып тұрысын қарашы . Ұятсыз !!!
Пікірімді алып тастасаңдар өздерің біліңдер, тірі болсам барам. Алла разы болсын, Қазбек. “Қырқына шыдағанда, біріне шыдамаймыз ба?” деген енді жүрмесін. Иман түгіл, бұларда үят бар ма? Неге сонша қорлайды біздерді? “Қарнымның ашқанынан емес, қәдірімнің қашқанынан жылаймын” деген қазақ, өз жарінде қор болу үшін жаралмаған болар. Анасын-арын сатқандар өз жазасын алуы керек, өз халқын алдағаны үшін. Жауап берсін. Қазыбек, жазғаның атылған оқ, тақталған хат, ертеңгі тарих – тауда ойнағандардың тірсектерін қиюға, сасық кеуделерін көрге көң араластырып көмуге айғақ. Жігіттер, жетер енді, мыналар осы жолы Анамызды анайы сатты, басыңа сарып. Бетсіздердің беттерін тілейік!!! Жаушы.
Жаушы дұрыс айтады. Қашанғы шыдаймыз? Атқа қон, Аттан, қазақ!
Шілтірейіп шекпен киіп, шен тағым, жалақысы қомақты, құзіреті күшті, мемлекттік қызметте жүргендердің бәрі-бәрі екіжүзді сатқындар. Шекпен жауып, шен тағып отырған қожайындарының айтқанынан әсте шықпайды. Мүмкін, Қазыбекке де сондай жағдай жасаса, өзгеріп кетер ме екен? “Досыңның кім екенін білгің келсе, қолына билік бер” деген халық даналығы бар ғой. Соңғы кезде дені дұрыс, елдің қамын ойлайтын бірде-бір жанды кездестіре алмай, пұшайман болып жүрмін. Мәселен, Мұхтар Шаханов өкімет қызыметінде болғанда, НӘН саясатына қарсы бір ауыз пікір білдіріп пе еді! Қазір билік астауынан аластағтылан соң, оған қарсы пікір айтып, ұлт қамын жегенсіп жүр.
Мырзатай мырза масқара болды!
Мырзатай мырза қазір қайда екен?
Қонаққа шақырайын деп едім…
“Әрине, билікке өз ана тілін, мемлекеттік тілін білмейтін, патриоттықтан жұрдай «Патриоттар» партиясы «көсемінен» гөрі қайсарлығы басым Қайсарлар қауіптірек болуы керек…» тура айтады.
Қайсар қайда екен?
Қайсарда қайсарлығы үшін “Азат” партиясы шығарып жіберген…
“Азат” билікпен қоса Мырзатайдың да қабағына қарайды екен ғой.
не толька Мырзатай, еще Ертисбаев бар ғой. Соны да тыңдайды…
Ертісбаев оларды сойып салғаны осы мақалада жазылған ғой. Қалай тыңдайды оны?
Кәсіпкерлер, “Азатқа” кірсе,”Міне, бізбен билік санасты” деп соғатын олар, егер кәсіпкерлер “Ақ жолға” кірсе, “Әне, олар билікпен келісті” деп оттайды… Содан-ақ біле беруге болады азаттықтардың екіжүзділігін…
мырзекең Ақтамбердіні ошақты қыламын деп бір от басып еді ғой…
Сөйтіп ол кісі Ақселеу мен Қойшығараны “қораға” кіргізген.
Ол екеуінің не қатысы бар бұған?
Қатысы болғанда сол, екеуі де мырзатаймен бірге “Елтұтқа” кітабының соавторлары ғой.
Бола берсін, онда не тұр?
Сол кітапта Ақтамберді ошақты болып жазылған. Енді түсіндің бе, Бәке…
мәссаған! ол кітапты оқу керек екен ғой…
Оқу керек жоқ, елді бөліп, аруақтарды алалаған кітап…
Сол кезде ғой, Ақтамбердінің ұрпақтары Мырзатайды сотқа бермекші болғаны…
Ия, сол кезде Қазыбек Иса “Жас қазақ үнінде” “Атаңның кім екенін Ақселеуден сұра…” деп сын мақала жазған…
Ақселеу мен Қойшығара тарихтың білгірі ғой, қалай келіскен екен?
Мырзекең көндірген ғой…
Мырзатай Қайсардан кешірім сұрады ма?
Иә, бәрінен де соны айтыңдаршы.
Мырзатай нан сұрай алмайтын Ғани Қасымовты тілсынақтан өткізіп,қазақ тілін қорлағаны үшін Қайсардан ғана емес, Қазақтан кешірім сұрау керек!
Кешірім сұрауға ары бар адам кешірілмес күнә істемейді
ертең қайсар биліктің бір жерінде отырса ең алдымен құттықтайтын мырзатай болады…
Ең бірінші мақтайтын да Мырзатай болады.
сонда бұған бәрібір ме?
иә, бәрібір…
Ол қайда қазір?
қолын алайын деп пе ең, қонаққа шақырайын деп пе ең…
Балам “Қырық өтірік” ертегісін күнде сұрайды. мырзатайды қонақ етіп айтқызайын деп едім…
Онда мырзатайдың қасына ертісбаевты қос, сексен өтірік айтып берсін…
жазушыларды шақыр жүз өтірік айтсын әрқайсысы
Нұротандық депутаттарды шақырсаң., өтірік айтуда, жағымпаздануда мырзатайды да, жазушыларды шаң қаптырады.
Бұған әкімдерді, министрлерді, жалпы шенеуніктерді қосыңыз…
Мырзатай 70 жыл жинаған абыройын 7 минутта төкті. Мырзатай! (ата деуге ауыз бармайды) Егер көшеде біреу бетіңізге түкірсе, таң қалмаңыз! (сотқа беріп жүрмеңіз! Әйтпесе, қалың қазақ Қазақ даласынан қуып шығар!)
Жәнібек Мырзатай Жолдасбеков туралы тура айтыпты. рахмет
Мырзатай Жолдасбеков омiрде адiлетсiз адам. ол кiсi айтыстагы казылар алкасын баскарып турганда тарихта болмаган адiлетсiздiк болган. МЭЛС, Аманжол деген билiктiн созiн сойлейтiн акындарга кешке дейин байге берiп, нагыз акындар ОРАЗАЛЫ Досбосынов, Азiмбек Жанкулиев сынды от ауызды орак тiлдi акындарды унемi аягынан шалатын….