«ЛЕНИНГРАДТЫҚ ӨРЕНІМ» ӨЛЕҢІ ҚАЛАЙ ТУҒАН? Біртуар қайраткер Нұртас Оңдасыновтың идеясын ұлы ақын Жамбыл мәңгілік жырға айналдырды
13 мамыр, 2010 // 16 пікірЛенинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
……………………………….
Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім…
Гүлсім ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ,
Қазақстан Журналистер
Одағы сыйлығының лауреаты
Аракідік архив қопарып қоятын әдетіміз бар.
Ел мен жердің, халықтың, оны басқарған басшының тағдырынан сыр шертетін құжаттар Мемлекеттік Орталық мұрағатта тұнып тұр. Тек сөйлете білу керек.
Таяуда қолымызға қызық бір телеграмма түсті. Соғыс кезінде жазылған. Мәтіні мынадай:
Алма-Ата
Совнаркому
Заговельеву
ПАВЛОДАР ОБЛ
243 42 20/5 23 46
Прошу посоветоваться с товарищем ШАЯХМЕТОВЫМ о возможности составления поэмы тире письма ленинградцам связи организацией подарков силами писателей казахстана во главе джамбулом тчк Необходимо перед составителями поставить задачу добиться высокого идейнополитического качества чтобы этот документ своей значимстью соответствовал великой патриотической революционной традиции ленинградцев и героической работе трудящихся казахстана
=Ундасынов.
Бұл құжат соғыс жылдарында ел Үкіметін басқарған, яғни, ең ауыр кезеңде Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болған Нұртас Оңдасыновтың айтқан бір әңгімесін тірілтіп тұрды. Дәлелімізді толықтыра түсу үшін өзі жазып кеткен естелікті қайта бір қарап, оқып шықтық. Естелігінде ол былай депті:
«- Неміс басқыншылары Ленинградты қоршап алды. Сыртпен байланыс үзіліп, 90 тәулік қала қоршауда тұрды. Ладога көлінен өтетін бір ғана соқпақ арқылы кең байтақ Кеңестер Одағынан жиналған азық-түлік, киім-кешекті бораған оқтың астынан амалдап өткізіп, қала тұрғындарына жеткізілді.Содан бұл соқпақ-«өмір жолы» деп аталып кетті.
Қазақстан тез арада ленинградтықтарға ұзын саны 140 вагоннан тұратын, екі теміржол составын жасақтады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бұл сәлем-сауқатты оларға Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Әбсемет Қазақбаевтың бастап баруын ұйғарды. Сыйлыққа қоса Қарағандының № 31 шахтасының кеншісі Түсіпов өз атынан хат жолдады. Ол өз хатында қазақ халқының сый-сияпатын ақ ниет пен берік достықтың нышаны деп білерсіздер деп жазды.
Менің көкейімнен материалдық көмекпен қоса қоршауда қалған қала жұртшылығына моралдық күш беретін, рухын көтеретін бір сәлем сөз арнау кетпей қойды. Бұл ойымды Орталық Комитеттің отрысында айтып едім, көпшілік қолдады. «Сөз анасы –сәлем» демейме қазақ, сол асыл сөзді кімге жаздыруды ойлаған кезде аузыма Жәкең-Жамбыл Жабаев түсті.
Содан Орталық Комитеттің тапсыруымен 1941 жылдың күзінде қасыма ақындар Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, тағы да біраз адамдарды ертіп Жәкеңнің аулына келдік. Бір топ адам сау етіп ертемен келгенге ауыл адамдары елеңдесіп қалды. Онсыз да соғыстың суық хабары жүректерін шайлықтырып қойған ғой. Жәкең ауыл сыртында ат үстінде жүр екен. Бәріміз сол кісіге қарай жүрдік. Амандық, саулықтан соң келген мақсатымызды айттық, жеткіздік. Жәкең біздің сөзімізді ат үстінде отырып тыңдады да, үнсіз қалды. Бір мезетте еңсесін көтеріңкіреп, қызылға түсер қырандай қомданып, қапталда жатқан ақ басты Алатауға қарап қойды да, ишарамен «үйге жүріңдер» дегенді білдіріп, өзі жол бастады.
Қашанда да қонаққа жаюлы тұратын Жәкеңнің мол дастарханы, оның айналасына бәріміз жайғастық. Жәкең төрде ілулі тұрған домбырасын алдыртып, шанағын қағып-қағып жіберді. Әдетте қарт жыраудың жырды нөсерлетіп төгіп-төгіп жіберетін, бір сөзін екінші рет қайталамайтын қасиетін білетін ақындарымыз қағаз бен қаламдарын алып, аңысын аңдып дайын отыр.Жәкең жырын бастады, ол қағазға түсіп мәңгілік дүниеге айналып жатты…
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
……………………………….
Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім…
Келген мақсатымыз орындалып, кіші бесінде Алматыға олжалы оралдық. Қуанышымыз шексіз.
Тез арада Жамбыл ақынның «Ленинградтық өренім» өлеңін орыс ақындары аударды. Артынша қарағандылық кеншілер хатын, Жамбыл өлеңін, республика жұртшылығы жинаған сәлем-сауқатты алып Қазақстан өкілдері Ленинградқа жүріп кетті.
Жәкеңнің өлеңі көп кешікпей Бүкілодақтық радио арқылы оқылды, сан мәрте плакат болып басылып, қала көшелеріне ілінді. Сол кезді көзімен көрген көрнекті орыс жазушысы, публицист Всеволод Вишневский «Правда» газетіне былай деп жазды:
«…қалаға тез тараған плакаттан Жамбыл ақынның «Ленинградтық өренім» өлеңін оқығанда барлығымыз көзімізге жас алдық. Жылап тұрып қайта- қайта оқыдық. Қазақ халқының достығы мен сүйіспеншілігіне шексіз риза болдық. Алыста жатса да арқа сүйер тірегіміз барына қуандық.»
Ағынан жарыла айтылғанбұл сөздің құдіреті Жәкең жырында, жыр құдіретінде жатқанын түсіндік. Және орыс әдебиетінің аса ірі өкілдерінің бірі Николай Тихонов Жамбылды – «Ақындар атасы» деп атағанда өз халқына деген адал пейіл, таза жүректі бағалағаны болуы керек. Шынында да «Ленинградттық өренім» деген бір ауыз сөздің өзінде қаншама жылылық, нағыз жанашырлық пейіл жатқан жоқ па?! Жәкең өлеңі тоңғандарды жылытты, қажығандарға әл берді, зұлым жауға қарсы бітіспес күреске шақырды. Соғыс түнегіне көмілген ұлы қаланың зеңгір аспанында найзағайдай ойнап, қыспаққа алған жауға сес көрсетті…».
Бұл Қазақстан Үкіметін ең ауыр жылдарда (1938-1951) он үш жыл басқарған, күш пен қайратын, білім мен парасатын тек қана халқына, оның болашағына арнаған адал азаматтың артында қалған сөзі. Біз бұны қолымыздағы қолжазба-құжаттар арасынан кезіктірдік. Қарап отырсаңыз ол «Ленинградтық өренім» өлеңінің жазылуына себепкер болғанын, яғни, «сәлем сөз» – арнау арнайық деген идеяның өзінен туғанын мақтан етіп отыр. Сонау бір жылдары бізге баяндаған әңгімесінен де осы сарынды, осы сезімді аңғарған едік. Мынау Мемлекеттік Мұрағаттан табылған телеграмма осының бәрін, яғни, шын болған оқиға екенін дәлеледеп тұр. Несі бар, мақтанса мақтанарлық іс, ұлы идея. Адамдарды осылай достыққа, бауырмалдыққа шақырып, қиындықта жаныңа жылылық құйып, рухыңды көтеретін жақсы идеялар жан-жақтан туындап жатса, «Соғыс!» деген суық сөз жер бетін кезбес еді-ау. Амал қанша, қазіргі адамзатқа жетіспей тұрғаны да осы- бауырмалдылық, жанашырлық, қамқорлық. Дәрменсіздіктен «амал қанша?» дейміз де қоямыз. Амал қанша…
Жырдың мәні мен маңызын талдап жатудың қажеті жоқ, өйткені ол барша Кеңестік кеңістікте мойындалған, марапатталған, жақсы жыр болып таралып кеткен.
Негізінде Жамбыл Жабаев пен Нұртас Оңдасынов арасында әке мен балада ғана болатын ерекше бір құрмет пен сыйластық болыпты. Бұны көзімен көргендер айтады, барынша баяндайды. Жамбыл жырау Нұртасқа лауазымы биік бастық деп қарамапты, жасы кіші інідей, әзілін көтерер құрбыдай санапты. Тіктеп атын атамай «Қоңырат бала» деп қана атапты. Үкімет басшысы болса «Жамбыл Жәкем» деп таныпты. Қараңызшы, бір ауыз сөзде жәкемнің оған деген жүрегінің жылуы, өзіне жақын тартқан, жақын ұстағысы келген пейілі ақтарылып-ақ тұрған жоқ па. Ал, Нұртас Оңдасынов бізге «Ленинградтық өренім» өлеңінің жазылу тарихын баяндай отырып, сөз арасында: «естеріңде болсын, қазақтың бар тарихы жыраудың жырында, жадында жатыр…» деген ді. Қазір ойлап қарасақ ол Жамбыл жәкесін және арғы-бергідегі ақын-жырауларды айтып отыр екен ғой. Ол соғыс қайнап жүріп жатқанына қарамастан-ақ жер-жерде жатқан Жамжырауларды Үкімет тарапынан арнайы шақыртып, жырларын қағазға, үндерін үн таспаға түсірткен екен. Бұл мәліметті бізге академик Рахманқұл Бердібаев айтқан ды. Ұлтын ұлықтаған адамның, басшының ұлы әрекетін көреміз бұдан. Тағы да сол соғыс жылдары- 1943 жылы Республикалық ақындар айтысын ұйымдастырудың да ұйтқысы болған осы Оңдасынов екен. Жүрегінен жарып шыққан идея болғандықтан болар бұл шара- ақындар айтысы хақында Нұртас Оңдасынов тебірене толғайтын:
«…халық жаппай сауаттана бастаған кезде суырып салма айтыс тек көшпелі, сауаты жоқ халықтарға тән дәстүр деген жаңсақ пікір пайда болды. Соның салдарынан ауызекі айтыстардың бағасы төмендей келе, кейбір түрлері, тіпті ұмтылып та кетті…
Ұлы Отан соғысы жылдарында айтыс өткізудің өзіндік маңызы болды. Газет-журнал аз шығып, оның өзі жалпы халыққа жетпей жатты. Майдандағы жағдайды олар білмеді. Майдан даласындағы және елдегі ерлікке пара-пар келетін тіршілікті көрсетіп, айтып,
елдің бір рухын көтеру болды мақсатымыз…
Бұл кездейсоқ шара емес еді. Өйткені, айтыс ақыны- халықтың даналығын бойына сіңірген, адамның жан жүрегіне көркем сөзбен жол таба алатын, ойы сергек нағыз өнерпаз ғой…
Бірінші орын алған Жамбыл жәкеме түйе, екінші орын алған ақтөбелік ақпа ақын Нұрпейіс пен қарағандылық Доскей, Шашубайға ат мінгізіп, Оңтүстіктік Орынбай ақынға құнан беріліп, ұлттық дәстүр бойынша жол-жоралғы жасалды…»
Соңғы жылдары Жамбылға «саясаттың құлы болған, партияны, оның көсемдерін жырлаған» деп, сын айтып, мін тағушылар шығып жүр. Әлқиса, дұрыс делік. Сталин мен Ежовқа өлең арнаса ол Жамбылдың емес, жазушы Жұмабай Шаштайұлы айтқандай, сол кездегі идеологтардың кінәсі. Сайқал саясаттан хабары жоқ, көмекшілердің түсіндіруінше айналаның бәрі жақсы жандар, барар болашағымыз гүлденген коммунизм болатын болса, Жамбыл сонда қалай-қалай жырлауы керек еді? Кейде жан-жақты таразыламай,тарихи жағдайлармен есептеспей біреудің басына қара майды құя салу әдеті бар бізде.
Кінәмшілдер Жамбыл жәкемнің жасының тоқсанға келіп жүзге иек артқан жасымен, білім-сауатымен санасар ма екен? Кедейлік пен жоқтықтың әбден дәмін татқан Жамбылға Коммунистік партия шын мәнінде әкелік қамқорлығын аямады емес пе?! Басына баспана салып берді, астына машина алып берді, күтетін дәрігері мен өлеңін қағазға түсіретін көмекшісін қосып қойды, тағысын тағылар…Мұны дәлелдейтін құжаттар Мемлекеттік Мұрағатта тұнып тұр. Шындығына келсек, мұндай қамқорлық (қазіргі өнер, мәдениет, әдебиет адамдарына көрсетіліп жатқан «қамқорлықты» айтпай-ақ қояйық) хан сарайындағы ақынға да көрсетілмеген шығар-ау. Қыруар қамқорлықты көрген Жамбыл жәкемнің қарекеті қалай болмақ сонда? Аспен атқанды таспен ату, жақсылықты жамандыққа айналдыру Жамбыл бойында болмаған.
Қанша жерден тапсырыспен жазылған деп Жамбыл жырауды жазғырсақ та «Ленинградтық өренім» өлмейтін өлең. Себебі, қаншама халықтың жүрегіне жол тауып, жанына жылылық, бойына күш-қуат құйған жыр бұл. Дәлелдей кетейік. Сол күндердің сын сағатында сыналған, «Қызыл Жұлдыз» ордені мен «Ленинградты қорғағаны үшін» медалінің иегері қарағандылық кенші Василий Базановтың былай дегені есімізде:
«-…иә, мен сол күндері, ленинградтықтардың қоршауда қалған кезінде совет адамдарының нағыз достық, ынтымақтастық көңілдерін көзіммен көрдім. Оның бәрін сөзбен айтып жеткізу қиын маған. «Өмір жолы» атанған Ладога көлінен өтетін бір ғана соқпақ арқылы кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінен келген азық-түлікті күн демей, түн демей, бораған оқтың астымен аштыққа ұшыраған қала халқына жеткізіп тұрдық. Әсіресе, қазақстандықтардың артықшылығы, олар жылы киім-кешек, ас-ауқатпен қоса рухани азық болатын жыр – Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңін қоса жолдапты.Шынын айту керек, жырдың әсері алапат болды. Күн сайын радиодан сан мәртеқайталап, плакат болып басылып, көшелерге ілінді. Оны жылап тұрып, жапырлап тұрып оқып тұрған ленинградтықтарды көргенде өзіміздің де көңліміз талай босаған. Осындай жырды жазған кемеңгер Жамбылмен жерлес екенімді жауынгерлер ортасында мақтана тұрып талай-талай айтқам-ды. Тіптен кейбір жауынгерлер бұл өлеңді тез-ақ жаттап алып, айтып жүрді. Дана жүректен, шын достық көңілден туған жыр құдіреті осындай-ақ болса керек…»
Шын сөз, мойындау деген осы! Біле білсеңіз, қазірдің өзінде осы жырды оқысаң –ақ болды, бейбіт күннің самалы есіп тұрған тұс болса да көңіліңіз әжептәуір толқып, көмейіңе бір нәрсе келіп кептеледі. Кеңестік кезеңнің жақсы бір дәстүрі- «халықтар достығы» деген сөздің мән мен мағынасын, шынайылығын осы жыр арқылы жүрегіңмен сезінесің. Біздің мақсатымыз осындай жақсы жырдың тууына бастамашы, әрі ұйтқы болған Қазақстан Үкіметін абыроймен, артына жаман сөз қалдырмай он үш жыл басқарған Нұртас Оңдасынов екенін айтып, бүгінгі жасқа үлгі ету ғана…
Ұқсас мақалалар
-
ЖЕТПІСТЕГІ ЖІГІТ
7 мамыр, 2012 // 0 пікірБіздің бүгінгі әңгімеміз Төлеубек Сейітқалиұлы Қарамендетегі туралы. Көзі қарақты адамға бұл азаматт...
-
Халқымыздың жүз жылдық тарихының көркем шежіресі ...
7 мамыр, 2012 // 0 пікірӨткен ғасырдың алпысыншы жылдары – қызыл империяның шаш ал десе бас алатын қылышы жалаңдап тұрған ке...
-
ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ- МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕ ...
7 мамыр, 2012 // 0 пікірМемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлт...
-
Алматыда режиссер Тимур Бекмәмбетовтің кинотеатры ашылады ...
30 сәуір, 2012 // 1 пікірАлматыда осы жылдың жазында қазақстандық режиссер Тимур Бекмәмбетовтің кинотеатры ашылады. Ки...

Апталық жұлдыз - жорамал



Мынау газетке шықты ма? жақсы екен!
Жетесине ата сози конбаган. Ул боп туып,ел алдында сорлаган, орыска кул боп,ултына ул болмаган, расында ‘мал’ боларсын онбаган! Гарышка ушканына 10 жыл емес 20 жыл болады Токтар агага.Алматыдагы Гагарин кошеси немесе Фурманов немесе Гоголь кошесин Токтар Аубакировка берсек калай болады Агайын!
Тоқтар аға, біз соңғы кезде елімізде бетке ұстар қаһарман кейіпкерлеріміз қайда, кімдер олар деп әр жақтан шулаймыз кеп. Мен үшін бүгінгі заманның қаһарманы Тоқтар аға, өзіңіз! Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат тілеймін! Семейликтер СІЗДІ құрмет тұтады! Аман жүріңіз!Ғарышқа ұшу үшін жүрек керек. Ал Тоқтар ағамыздын журегі үлке-е-ен! Отан сүйгіш жүректе қорқыныш деген мүлде болмайды. Тарихта есіміңіз маңгі қалады. Деніңіз сау, жүрегіңіз мықты болсын,150 жыл соқсын қазақ деп,ұзақ жасаңыз
орендерин жырлаганы жаксы ау карсылык жок киын кезде созбен жардем бергени жаман емес десек то сол скалды акынымыз отыз жетиде атылып кеткен боздактар ашаршылык жылы кырылып калган казактар жаилы неге жазбады екен елине жанашыгыш акын болса
Қасиетті Жамбылга тл тигзбейк. Ол замандагы едебиетті түсну үшн сол заманнын адамы болу керек.Ол кезендеги адамдар кез келген шыгарманын астарын, акын айткысы келген ойды кен парасатпен-ак уккан. Казирги кездин компьютер алдын бермейтин балалары ушин тек кана шындыктын канын соргалатып, атыс-шабысымен,сойкан сутеримен жазса, типти теледидардан корсетсе гана тусинеди. кез келген дауирдин каламгерине оз уакытыннан карау, багалау нагиз жетесиздик, сауатсиздик. Бреуди мукатайын деп жазып отрган жокпын, албыр балапандарга акыл косып отырмын. Муныммен де унамай калатынымды сеземин, бирак бир сат болса да тарихымызды сыйлар ма екен деген умитим али де бар.
Ей,ағайын. Жыр алыбы атанған,қазаққа жыраулықтын дәстүрін жеткізген, бүгінде дүниеден өтіп кеткен Жакеңді мазалап қайтесіздер.31-38 жылдары қазақты малша қырған тексіз арызқойлар осы күнге шейін журген жоқ па? Кеше біраз Жепутат тілімізге шылп етпей қарсы шықты. Көзге шұқып бетін тырнасаң олар жылы орнында отыр. Қазақ-деген ұлтқа түкіріп қойған тексіз, жалмауыз балаларын бағып. Кекшіл болсаң ұлтымызға әлі зиянын тигізіп жатқан солармен алыс.Батыр болсаң бірінің басын қағып түс. Өлгеннің артынан сөз айтып қайтеміз.
Жамбыл атаның бұл “Ленинградттық өрендерім” атты өлеңінде еш жасандылық жоқ! Ол сөздер Жамбыл атаның ішкі болмысынан, ақ ниетімен астарлас, үндес. Өлең Ақынның жан дүниесінен шықанын ұғу қажет. Қазіргі жағдаймен шатастырып, ол өлеңнен “орыс-қазақ” деген саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Мәселе басқада: оның негізінде – басқыншылардың қоршауында қалып, аштан қырылып жатқан халыққа, аналар мен жас балаларға Рух беру, Құдайдан солардың тілеуін тілеу және т.т. ізгі адамгершілік бастаулар жатыр. Енді осы тілеуді қазақтың дәстүрлі дастан жыр үлгісімен тек Жамбыл ата жеткізе алса – оған не кіна тағасыздар. Оның жыраулығы – Құдайдың берген сыйы болса, онда Құдайды жазғыру қажет болар сол үшін… Тағы бір айтарым: мәселен, егер Ленинградтықтардың орнында өз қазағым тұрса ше? Онда Жамбыл басқаша жырлар ма еді?… Жоқ. Сондықтан бұл саяси мәселе емес, алдымен, Ұлы ақынның ұлы жүрегі туралы мәселе. Және де, сол арқылы қазақ ұлты да өзінің қандай алып жүректі ұлт екенін әлемге паш етті! Біз басымызды иеміз оған…
Газеттын кайсысына шыкты озы!
80-ші жылдары бір орыстың жорналынын оқып едім, аты есімде қалмапты, сақтап жүрген едім, қазір жоқ. Жамбыл атамыздың осы өлеңі Ленинградтың әр жер-әр жерінде ілулі тұрғаны белгілі, ал жаңағы орыстың айтқаны жыныма тиген еді. Ол кезде әлі Одақ деген болатын. Ал оны айтқан жай қарапайым орыс емес, кәдімгі өзін жоғары қоятын адам және соны жорналға басқан да жай “сары жорнал” еместін.
Таптым, үзінді:
…Немцы в двух шагах от города, на стенах висят плакаты “Враг у ворот” ( а рядом идиотско-бестактное воззвание Джамбула, начинавшееся словами “Ленинградцы, дети мои…” – хотя голодавшим ленинградцам было не до сытого акына),…
Вениамин Кавериннің “Эпилог” романынан. Бұл автор “Халықтар достығы” орденін алған кейін.
БЕКТАСҚА РАХМЕТ. Кавериннен де басқа да иттер жетеді. Әлгі Розенбаум деген әнші таз ит (“таз” деп иттің тұқымын емес, “иттің” басы таздығын, сонымен қоса миының аздығын айтып отырмын), “Ленинградцы, дети мои,Ленинградцы, не ваши дети”- деп үрген бір кезде…
Бір абыз кісі Жамбыл жәкем қайтыс болған кезде “Айтпаймын мен өленді кекесінен, Айтамын мен өлеңді төтесінен. Отыз жыл Сталин деп бақылдаған, Айрылды Қазақстан текесінен” деген екен. Осы олеңді айтқаннан кейін сотталып кетіп 1953 жылға дейін итжеккенде болған екен.
Ұлы Жамбылдың дарыны мен біртуар қайраткер Нұртас Оңдасыновтың идеясы қосылғасын осындай өміршең өлең өмірге келеді.
Розенбаум секілді Жамбылға қарсы шыққан ресейлік иттерді Қазақстанға жолатпау керек.
Нұрсұлтанды да өсірген Нұртас Оңдасынов екенін ел біледі. Қойшы болам деп, таяқ ұстап тұрған Әбіш Кекілбайға қалам ұстатып, Алматыға оқуға жіберген де Нұртас екені Әбіштің естеліктерінде айтылады. Ана жылы Қалила деген біреу рушылдардың айтақтауымен Нұртастай данаға жала жапқанда, Атырау мен Ақтаудан келген азамат қариялар Қалиланы қаратерге түсіріп,жағасынан алып, жаласына баспасөз бетінде кешірім сұратты… Ол туралы жала cұқбат-мақаланы жазған “Айқын” газеті де кешірім сұрады. Сұқбат-мақала “авторы” Құтмағамбет Қонысбай деген сауатсыз пақыр құтынан айрылып, қонысынан безіп кетті…
uy km,iuyk9l6
Фактически, конечно, все это страшная туфта, а оригинален – русский текст Марка Тарловского, казахский текст – его перевод, сделанный “литературными секретарями” Жамбыла. Тарловский (1902-1952) в эвакуации числился “русским литературным секретарем” Жамбыла – умному достаточно. Реальные факты, сообщаемые здесь, уточняют только, сто стихотворение было плодом прямого госзаказа.
О Тарловском:
http://sfrandzi.livejournal.com/32918.html#cutid1