«Ақ жол» жетекшісі Алаш Орданың 100 жылдығымен құттықтады

Осыдан дәл жүз жыл бұрын, 1917 жылдың 13-желтоқсанында жал­пықазақ съезінде Алаш автономиясы құрылып, оның басқару кеңесі – Алаш Орда Үкіметі жа­сақталды. Сәрсенбі күні өткен Мәжілістің пленарлық отырысында «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев депутаттарды осынау айтулы датамен құттықтады. – Биылғы жылы Мәдениет министрлігінің, жергілікті әкім­ші­ліктердің қолдауымен еліміздің барлық аймақтарында Алашқа арналған конференциялар өтіп, алаш астанасы болған Семейде Әлихан Бөкейханға еңселі ескерткіш тұрғызылды. Ұлттық арнада деректі және көркем фильмдер түсіріліп, көр­сетілді. Аталмыш датаны айқайлатпай, той ретінде емес, жұмыс ретінде мазмұнды атап өтуіміз көпшіліктің көңілінен шықты. Осыған байланысты, атсалыс­қан Мәдениет министрлігі мен әкімшіліктерге, қоғамдық ұйым­дарға ризашылығымызды білдіріп, баршамызды халқымыздың азат­тығы үшін күрескен Алаш Орда­ның 100 жылдығымен құттық­таймыз! Алашты ұлықтау бір ғана 100 жылдықпен шектелмейді. Оның ұстанымдары елімізге мәңгі қызмет етеді. Бабаларымыздың Ұлы арманын іске асыру – Елбасының жетек­шілігімен тек біздің замандас­тарымызға бұйырған екен», – деді депутат өз сөзінде. qazaquni.kz