Белгілі ақын Қазыбек Иса "ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРІ" атанды

Белгілі ақын, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса "Ұлт қайраткері" Құрметті атағымен марапатталды.

Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Кеңестің 2017 жылдың 7 желтоқсанындағы №122 бұйрығы бойынша белгілі ақын Қазыбек Жарылқасынұлы Иса Қазақ мемлекеттілігін нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен Қытайдағы қандастарымызды қорғағаны үшін "ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРІ" Құрметті атағымен марапатталды. 

ҚР Ұлттық кітапханасында Алаш күніне орай өткен салтанатты жиында аталмыш Құрметті атақ сертификаты мен төсбелгіні Кеңес төрағасы, танымал журналист Марат Тоқашбаев табыстады.

Тәуелсіздік күні қарсаңындағы ұлттық марапатқа ие болған қазақтың белгілі ақыны, "Қазақ үні" президенті Қазыбек Жарылқасынұлы Исаны бүкіл редакция атынан шын жүректен құттықтаймыз.

qazaquni.kz