Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы болып тағайындалды

Парламент Сенаты Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына ұсынылған Асанов Жақып Қажманұлының кандидатурасын қолдады. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланды.

Асанов. 2016 жылғы 25 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына тағайындалған.

Сыныптық шені - 2-ші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі. Заң ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен, «Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері» омырау белігісімен марапатталған.