"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Желтоқсан куәгері: Алаңнан қашқандар қазір басшылық қызметте жүр

«Қазақ жастары үшін қасіретті күні қазақ халқының ерлігі мен бірлігін әлем таныды». Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Меңдібай Аязбаевтың сөзі бұл. Желтоқсанның жаңғырығы есінен кетпеген ақтөбелік азаматпен сұхбаттасқан журналист Әсел Абат өз мақаласын «Қазақ үні» ұлттық порталына жолдады. Өзекті мақаланы оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тумасы Меңдібай Аязбаев 1986 жылдың 16-17 желтоқсанында қазақ жастарымен бірге алаңға шықты. 20 жастағы жігітті халықтың тағдыры алаңдатты. Намысты қолдан бермей, Лениннің «әр ұлттың өз қолбасшысы болсын» деген идеясын алға тартты. Желтоқсан оқиғасының қасіретті де қаһарлы үш күні Меңдібай Аязбаевтың жадында әлі жаңғырып тұр.

«Алматы халық шаруашылығы институның 1-курсында оқимыз. 20 жастамын. 1986 жылдың 16 желтоқсан күні кешкілік тамақтанып отырғанымызда Қазақ Компартиясы Орталық Комитеттің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнына өзгенің келгенін естідік. Қазіргі кездегідей жылдам хабар ала алмаймыз ғой. Сондықтан, естіген жаңалықты бір топ студент болып талқылап, кейін жатақханамызға тарастық. Бір уақытта  «Алматы мал дәрігерлері институты мен ауыл шаруашылық институтының студенттері қазіргі Республика алаңына жиналып жатыр» дегенді естідік. Алаңға біз де бардық. Алматыда өндіріс орындары көп болатын сол кезде. Сонда жұмыс жасайтын жастар да жиналыпты. Сол күні алаңнан түн жарымында ертеңіне жиналатын болып тарқастық. 17 желтоқсан күні таң атпастан алаңға қайта келдік. Жиналғандар көп болды. Дәл осы күн оқиғаның қызған шағы болды. Алаңға әскерилер мен курсанттарды әкеле бастады. Кеуделерін намыс кернеген жастар қазіргі Алматы қаласының әкімдігі орналасқан ғимаратты басып алды. Алаң маңындағы талдарды қопарып, қарама-қарсы бетте орналасқан мәрмәр тастар сататын дүкенді қиратты. Барлық өндіріс орындарының басшылары, оқу орындарының ректор, декандары жастарды кері қайтаруға тырысқанымен болмады. Оларды қармен атқылап, қуып жібердік. Қашып кеткендер арасында қазір басшылық қызметте жүргендер де бар. Әлі күнге дейін көз алдымда. Біз «әр ұлттың өз көсемі болсын» деген қағиданы ұстанып, ешқайда кетпедік»,-деді Меңдібай Аязбаев.

Алаңға шыққандардың барлығы ауыл жастары. «ҚазМУ-дың студенттері қазақ ақындарының өлеңдерін оқып, бойымызға қан жүгіртіп отырды» дейді кейіпкеріміз. 17 желтоқсан күні кешкілік жастарға қарағанда Ташкент пен Новосібірден жеткізілген әскерилер күш алып, аяусыз ұрып-соғу, тепкінің астына алу басталды. Жендеттер қолына түскендерін көлікке тиеп, қаладан қашық жерге апарып тастаған. Ауруханалар жараланғандарға толса, көп адам тергеу изоляторына тоғытылған.

Похожее изображение

«Негізгі күрес 16-17 желтоқсан күндері болды. 18-і күні тынышталды. Одан кейін 3 адамнан артық адам жиналса, автобусқа тиеп алып кететін болды. Қазақ жастары ар-намысын көрсетіп, сеңді қозғады. Кейін қудалау басталды. Алаңға шыққандарды жатақханамызға кіргізбей тастады. Ашық балкондардан іштегі қыз-жігіттер төсек жаймаларды бір-біріне жалғап, көтеріп алатын. Деканаттағылар да соңымызға көп түсті. Қасымдағы жамбылдық досым ақыры оқудан шығарылды. Қудалаудан құтылу үшін мен әскерге кетіп тындым. 2 жыл Отан алдындағы борышымды өтеп келіп, оқуымды қайта жалғастырдым. Жастарды алаңға намыс алып шықты. Алаңда өзіміз көргендей қазақтың баласынан басқа өзге ұлттың өкілдері болмады. Тәуелсіздікке алғаш қадам сол күндері  жасалды»,-дейді оқиғаға қатысушы.

51 жастағы Меңдібай Аязбаев отбасылы. Екі қызы бар. Ақтөбедегі мекемелердің бірінде есепші. Оның  сөзінше, желтоқсан оқиғасы өз бағасын ала алмай келеді. Қанша күрескенімен нәтиже аз.

«Тәуелсіздік 1991 жылдың 16 желтоқсанда жарияланғанымен дәл сол күні мереке қылмау керек еді. Желтоқсан оқиғасы, сол жылы алаңға шыққан жастардың ерлігі мерекенің көлеңкесінде қалып қойды. Желтоқсанның қасиетті де қасіретті күндерін оқиғаға қатысқандар ғана көбірек есіне алады. Екі күнді байланыстыруға болмайды. Желтоқсанның ызғарын, сол кездегі жастардан артық ешкім білмейді»,-дейді Меңдібай Аязбаев.

Ерлікпен, ерік-жігермен, ынтымақ-бірлікпен келген Тәуелсіздік мерекесі өтпес бұрын елде жаңа жылға даярлық ерте басталады. Ірі мекемелердің алдындағы шыршалар безендіріле бастайды. Ал, маңызды мереке жақындаған уақытта ғана көшелерде  «Тәуелсіздік – тұғырың», «Тәуелсіздік – ел тірегі» деген жаттанды ұрандар пайда болып, 17 желтоқсанда жоқ болады. Ақтөбелік азаматты алаңдататыны да осы.

Әсел АБАТ,

Қазақ үні





19 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Руза 7 Желтоқсан, 2017, 13:22

    әдейі істеліп отырған тірлік, желтоқсанның рухын басу үшін! Жері, тілі деген адамныдардың рухтанбауы үшін, оларға өз құндылықтарын қорғауға саңлақ қалдырмау үшін!

    Жауап жазу
  2. 123456 7 Желтоқсан, 2017, 13:42

    19облыс құран оқытып туды түсіруге дайын ба?

    Жауап жазу
  3. Ш.З.Д. 7 Желтоқсан, 2017, 14:45

    16-желтоқсан -«Желтоқсан қаһармандарын еске алу күні» деп, ал «17-желтосқан – ҚР Тәуелсіздігі күні» деп атап өтілуі керек.

    Жауап жазу
  4. Ш.З.Д. 7 Желтоқсан, 2017, 14:46

    Желтоқсан сөзін «желтосқан» деп қате жазып қойыппын, кешіріңіздер!

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 7 Желтоқсан, 2017, 21:07

    16 17 18 желтоқсан күндері Горбачёвтің потретін алаңға алып шығып отқа жағу керек.Көзі тірісінде көріп кетсін.Жастар аруағы сонда ғана риза болады.

    Жауап жазу
  6. Каба 8 Желтоқсан, 2017, 04:52

    Үш күн 16,17,18, аза тұту күні деп жариялансын.20сы тəуелсіздік күні болса дұрыс болады

    Жауап жазу
  7. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 8 Желтоқсан, 2017, 07:51

    Меңдібай мырза, дұрыс айтады, бұл мәселе қазақты алаңдатпай қоймайды. Бірақ, 1986 жылы Желтоқсандағы қазақ жастарының ерлігі мен қайсарлығы әдейі көлеңде қалып отыр, кімдер, не үшін осылай істеп отыр оны өздері біледі. Бұл күндер жалған ұрандар мен мерекенің күні болмау керек. 1986 жылдың желтоқсаны Қазақ Елінде өз лайықты орнын алған жоқ, ол жайлы шындық Ашық айтылмай келеді. Не үшін, кімдер үшін бұл желтоқсан мейрамға айналды, ал сол желтоқсанның батырлары неге көлеңкеде қалды, ол да біреулер үшін пайдалы шығар солай болуы. Бәрі де өтеді, кетеді байлық, мансап, бастан бақта ұшуы мүмкін, бірақ әлі де болса, желтоқсан өз орнын алады деп үміттенемін.

    Жауап жазу
  8. Ш.З.Д. 8 Желтоқсан, 2017, 09:05

    Мына суреттегі ЖЕЛТОҚСАН БАТЫЛАРЫ қайда екен, шіркін!
    Тағзым етем сендерге, ҚҰЛЫНДАРЫМ!

    Жауап жазу
  9. Ш.З.Д. 8 Желтоқсан, 2017, 09:06

    Мына суреттегі ЖЕЛТОҚСАН БАТЫРЛАРЫ қайда екен, шіркін!
    Тағзым етем Сіздерге, ҚҰЛЫНДАРЫМ!

    Жауап жазу
  10. БЕК 8 Желтоқсан, 2017, 10:11

    Желтоқсан шындығы Шал кетпеи ашылмаиды Не десең О де

    Жауап жазу
  11. Қалеке 8 Желтоқсан, 2017, 11:46

    Туды түсіріп, аза тұту керек деген дұрыс….

    Жауап жазу
  12. Аман Есен 8 Желтоқсан, 2017, 14:36

    Желтоқсанда қанша қазақ қыз жігіттері қаза болды оны ешкім айтып жатқан жоқ,бірінші қаза болғанөрт сөндіру машинасы басып кеткен қыз сол кезде Бағланова келді есімізде шығар,осындай қатыгездікпен адам өлтіргендер кейін сөлкебай алуға таласқанын көрген адамдардың бірімін,сол адамдар кейін полковник дәрежесіне өсті,олар кімдер Юрьев Алексей,Даулетбаев Ж,Совелевский,Додров А тағысы тағылар,өзім комсомолдан шығып,ұлтшыл атанып,басқа жерге ауыстым,мені және досым Сабыржан Махметовты құдай сақтады суретіміз шықпай, менде тағы Сыпатаев пен Асанованың денесін Жаркентке алып барғандағы суреттер,олардың аруағы бар деп ойлаймын себебі олардың сүйегі салынған Рафик машинасы жолда аварияға ұшырады осында деректер жинап жүрген азаматтар бар болса хабарлассын,көп жағдайды айтып фактімен дәлелдей аламын,мен енді ешкімнен қорықпаймын

    Жауап жазу
  13. Түңілген(биліктен) 9 Желтоқсан, 2017, 21:11

    «Алыстаған сайын тау биіктейді». Уақыт өткен сайын Желтоқсан батырларының атағы жоғарылап, олардың бойындағы ұлттық намыс пен патриоттықтары өскелең ұрпаққа үлгі болады. Ал, қанішер Құрсұлтанның аты өшетін болады. Немесе, тарихта қанағатсыздықтың, топастықтың, жамандықтың баламасы болып аталатын болады.

    Жауап жазу
  14. Қолқоюсыз 9 Желтоқсан, 2017, 23:14

    16,17 желтоқсанда артист əнші дегендер концерт қоймауы керек жастай кеткен жас қыршындардың аруағын сыйлау керек. Жастай қайтқан інім(шахтада басына тас түсті) туыс туған үлкен апайлар-əжелер есеңгіреп боздап отырған бізге жоқтау жазып жаттаңдар деп сөзін жазып берді түнімен ,сонда жастай кеткен жас қыршын деп жоқтаңдар деп айтып ед.сондықтан ең болмағанда 1күн оларды(желтоқсан құрбандарын сыйлайық.

    Жауап жазу
  15. Ардақ 10 Желтоқсан, 2017, 12:49

    Желттоқсанда құрбан болған батырлардың,,тірі қалған Ерлердің аты-жөнін жазып «Ер есімі ел есінде» дегенк кітап шығару керек.

    Жауап жазу
  16. Ш.З.Д. 11 Желтоқсан, 2017, 10:32

    АМАН ЕСЕН, Тәуелсіздіктің Туын тіккендердің бірі екенсіз! Сізге мың алғыс, ризамыз! Енді сол көрген, білгендеріңізді жазсаңызшы. ТӘУЕКЕЛСІЗДІК мерекесі қарсаңында біз де Сізбен бірге Желтоқсан көтерілісін еске алайық…

    Жауап жазу
  17. эшли 11 Желтоқсан, 2017, 16:04

    байларга сол кездеги коммунистерге жаксы болды

    Жауап жазу
  18. Жұмабай 12 Желтоқсан, 2017, 17:38

    Қытай түрмеде гі Қазақ тарды босатсын Болмаса соғысуға дайын туру керек.Қорықпайақ қойыңдар атом еш ел қолдана алмайды.ол онда көрші өз басқа елдерге де тиеді .Басқа қару бәрі бар ғой.бізде әскер техника қару жарақ шекарада тұрсын .ауысып.шекараны жабу керек.Қ итайларды өткізбей қою керек сонда олар тыңдайтын болады..Әрине басындырып қойған соң тіпті Алматы да қонак үйлер,отел,дер жасап алған екен ,тура Қытай жері,музыка ,сөздер.бітті есептеп олардікі ққойған басынбай қайтеді.. Қырғыз дарда шекарасын жабады.Сондай талаптар қойу керек..расындада мақтанғанда сондай шалбарлар мыз жыртылып кетердей.Олексе ет деп жүрген ұрпақ емеспіз ғой.Неге қарсы тұрмаймыз..?.С онда оларда біздер қанымыз емеспе .бас қорғаныс министр біздегі кім барма?не қарап жүр.. Өтірік мақтанырэп.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*