"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Мажар ғалымы: Қазақ жерінде «Орысша сөйлеңіз!» дегенге шыдай алмадым

Мажар ғалымы Давид Шомфаи ҚАРА осыдан 100 жыл бұрынғы мажар шығыстанушысы Дьёрд АЛМАШИДІҢ ізімен қазақ жерін қалай аралағаны туралы айтып берді. Сондай-ақ Астанада ашылған көрмеде сөз сөйлеген ол мажар халқының ыстық сәлемін жеткізді.

Давид Шомфаи Қара қазақ тілін жетік меңгерген. Ғалым қазақ пен мажар халықтарының мәдени байланысын нығайтуға атсалысып жүрген азаматтардың бірі.

«Ассалаумағалейкүм, құрметі қауым, қазақ бауырларымыз! Жалпы мажар халқының және 13 ғасырдан бері мажарлықтармен бірге өмір сүріп келе жатқан құман-қыпшақтардың сәлемін жолдаймын», – деп бастады сөзін Давид Шомфаи Қара.

Оның әңгімесіне құлақ ассақ, Қара Қазақстанға Алмашидің кітабын оқығаннан кейін келмеген. Яғни, Қазақстанға келген кезінде Алмашидің еңбегімен мүлде таныс болмаған.

«Тоқсаныншы жылдары Мажарстанда марқұм болып кеткен бір ағамызбен кездестім. Ол маған «Сен қазақша үйрен! Олар құман-қыпшақтардың ең жақын тілінде сөйлейді. Ата-бабаларыңның салт-дәстүрін білгің келсе, Қазақстанға бар» деп кеңес берді. Өкінішке қарай, ол ақсақал көп ұзамай 1992 жылы арамыздан өтіп кетті. Сонда сол ағамыздың жұмысын жалғастырмақ ниетте 1993 жылы мажарстандық ең бірінші студент болып Жетісу өңіріне келіп, Алматы қаласына оқуға түстім. Қазақ филологиясында оқыдым», – дейді мажар ғалымы.

Ғалым Қазақстанға алғаш келгенде тілден қиналғанын айтады.

«Ол кезде қалада көбі орысша сөйлейтін. Қазақша білетін мен көшеде біреуден бірдеңе сұрасам «Говорите на русском» деп жауап беретін. Мен оған шыдамай Жетісудың ауылдарына қашып кеттім. Кейін Мажарстанға оралып, Иштван мырзамен танысып, екеуіміз екі елдің арасындағы кеңес дәуірінен кейінгі мәдени байланыстарды 1993-1994 жылдары орната бастадық. Ол кісі бірнеше жылдан бері Алмашидің еңбектерін, мұрасын зерттеген. Сондықтан, ол маған Алмашидің «Азия жүрегіне саяхат» атты кітабын сыйға тартты. Оны ашсам, өзім көрген, аралаған Жетісу бейнеленіпті», – дейді мажар ғалымы.

Осыдан 100 жыл бұрынғы кітапқа ынтық болғаны соншалық, іздегені табылған Қара бірден Алмашидің еңбектерін зерттеуге кіріскен.

«Мен Қазақстанға келген кезең – кеңес дәуірінен кейінгі Қазақстан болатын. Қазақ даласында киіз үй сирек кездесетін. Бақсылармен кездесіп, бүркітшілермен бірге жүрдім. Түйешілермен ұзын сонар әңгіме өрбіттім. Бірақ, Алмаши мен жүрген жермен 100 жыл бұрын жүріп өтіпті. Алмашидің кітаптарын оқып отырып, өзімнің көрген-білгендеріммен салыстыру мен үшін өте қызық болды. Сондықтан, мен бұл кітапты қолыма алғаннан кейін тастап кетпей, 700 бетті екі күнде оқып шықтым. Алмашидің мұраларына ғашық болып қалдым. Жалпы жұртқа танытуды өзіме міндет қойдым. Алмашидің мерейтойы болған кезде біз оның ізін қуып, деректі фильм түсірдік», – дейді Қара.

Мажар ғалымы алдағы уақытта екі елдің байланысын нығайтуда Дьёрд Алмашидің еңбегі дәнекер боларына сенім білдіре отырып, шараны ұйымдастырушы Түркі академиясына Патша үкіметі тұсында жазылған «Бұйрық хатты» тапсырды. Ол хат Алмашиге Балқаш өңірін аралау барысында көмек көрсетілсін деген мазмұнда жазылған. Ең қызығы, Қара қазақ жерін аралап жүріп, осыдан 100 жыл бұрын Дьёрд Алмашиге түйеші ретінде қызмет көрсеткен кісінің немересін тауып алыпты.

Дьёрд Алмаши – 1867-1933 жылдары өмір сүрген шығыстанушы. Қазақ даласын зерттеу үшін ол Қазақстанның оңтүстік және Балқаш өңірін аралап, 200-ге жуық фотосурет түсірген. Этнограф сонымен бірге, зоология, орнитология ғылымымен айналысып, Еуропаға Қазақстанды танытқан ғалымдардың бірі болып табылады.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»





20 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Ш.З.Д. 7 Желтоқсан, 2017, 12:26

    Демек, өткен тарихымызды білу үшін енді тарихшыларымыз Дьерд Алмашидің еңбектерін зерттеу керек.
    Дьерд Алмаши мен Давид Шомфай Караның Қазақ тарихы туралы зерттеулерін сайттарыңызда жарияласыңыздар екен. Оларда тың деректер көп шығар…

    Жауап жазу
  2. Серік Алматыдан 7 Желтоқсан, 2017, 12:40

    Дүние жүзіндегі барлық қазақтың Қара шаңырағы Қазақстанда —-қазақ тілінің
    іс жүзінде мемлекеттік
    тіл дəрежесіне , осы 27жыл
    бойы жете алмауы , өте
    Ұят нəрсе !!!!!! Мемлекет құрушы халқының саны 60%
    артық болсада , өзге тілде сөйлейтін əлемдегі жалғыз мемлекет осы Қазақстан шығар !!!;!!!!???!! Біздің билікте намыс жоқ !!!!

    Жауап жазу
  3. калбит 7 Желтоқсан, 2017, 13:11

    ои акымак Мажар не манка казах Казахстан мемлекеин ози курып алыппа? ты тупои мамбус казахстанды орыс улты орыс тили курды манка казахтын козин орыс тили ашып орыс мемлекет манка казахты Кытаидан коргап отыр казахстан русскии мир Русская колония екенин алем биледи каида жургенинди билип соиле

    Жауап жазу
    • Макпал 7 Желтоқсан, 2017, 15:20

      Ей оттамашы. Қазақтың Өмір сургенине 10 гасыр болган. 550 жыл деген өтірік оданда коп омир сурген. Орыс бізді куртпаса когерткен жок

      Жауап жазу
    • Қазақ 7 Желтоқсан, 2017, 23:44

      Жапшы аузыңды неміспен соғысқанда алғы шепте қазақ жүрген соны білесіңбе далбай орыстың жопалезі

      Жауап жазу
    • Білгіш 8 Желтоқсан, 2017, 03:59

      Калбит нақұрыс,қазаққа қарсы шыққыш. Іріген сасық ауыз. Тәрбиесіз орысшыл. Миғұла. Суми

      Жауап жазу
    • Hypuk 8 Желтоқсан, 2017, 20:59

      Калбит? .сабқатоҚ<<

      Жауап жазу
  4. калбит 7 Желтоқсан, 2017, 13:12

    казахстанда сен турмак манка казах орысша соилеуге миндетти казахстан русская колония часть русского мира

    Жауап жазу
  5. калбит 7 Желтоқсан, 2017, 13:15

    казахстанда киналгын келмесе русскии научись мамбус мажар

    Жауап жазу
  6. Руза 7 Желтоқсан, 2017, 13:29

    Мен 12 жыл шыдап келемін, соған қоса «националистка (назар аударыңыздар, ол тек бір тілді білетін шовинистармен, 2 тіл білетін адамға айтылатын сөз, мемтілді болдырмау қитұрқылардың бірі), провокатор, разжигательница межнациональной розни» деген атақтарыммен бірге)

    Жауап жазу
  7. Қолқоюсыз 7 Желтоқсан, 2017, 13:31

    Сонда Мажар ғалымы шектен шыққан шыдамсыз болдығой)))

    Жауап жазу
  8. Руза 7 Желтоқсан, 2017, 13:31

    Сонда Мажар ғалымы шектен шыққан шыдамсыз болдығой)))

    Жауап жазу
  9. Майра 7 Желтоқсан, 2017, 16:25

    Калбиттің пікірін көрген сайын ойлаймын, біздің /қазақтардың/ намысымызды қамшылау үшін жазатын сияқты.Ең тиімді жолы- барлық жерде тек қазақша сөйлеу.

    Жауап жазу
  10. Қолқоюсыз 7 Желтоқсан, 2017, 19:28

    калбит каншык

    Жауап жазу
  11. Ш.З.Д. 8 Желтоқсан, 2017, 09:02

    «Калбитке» біздің ата-бабамыздың аруағы-ақ сазайын тарттырады.Пікіріне назар аудармай қойыңыздар. Іші қысылып өлсін! Әйтпесе, сіздер ашулы пікірлеріңізді жазған сайын, оның айызы қанып,масаттанып,өршелене түсіп жазады. Канден иттер үргенде қарсы қимыл көрсетсең өршелене түседі де, үндемей қойсаң үні өшеді ғой. Сол сияқты…
    Жалпы, парасатты ойларға ғана көңіл бөліп, «сасығандардың» алжыған былжырақтарына назар аудармау абзал.
    ҚАЗАҚ халқы Алланың ақ нұры бөлеген қасиетті халық. Сондықтан, «Калбит» секілділерді киесі атады! Оның ұлты қазақ емес болып тұр ғой…

    Жауап жазу
  12. БЕК 10 Желтоқсан, 2017, 18:05

    калбыт ит бірақ сөзінде жан бар қазақты қазір тексіз манкурттер билеп отыр намыс арын ақшаға мансапқа сатқан қазақ тілінің өз жерінде осылаи қор болып отрғаны осы сөзіме дәлел

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 10 Желтоқсан, 2017, 18:56

      Балақтағы битке тойған қәндек ит,иттің итақайы,итаршы болмай жайыңа жүр.

      Жауап жазу
  13. Жеке 11 Желтоқсан, 2017, 13:24

    Жер бетінде бар болса, «Калбит» дейтін сасық ауызды шешесінің бір жеріне кіргізіп балағаттаса, мүмкін әңгімесі «түзелер»?!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*