"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Әміржан Қосанов: Қазақ тіліне қырын қарайтын билік өзгерген жоқ

Қазақстан мемлекеттік органдары шетел инвесторларына тек ағылшын тілінде қызмет көрсетеді. Ресми ақпарат бойынша, 2020 жылдан бастап, Қазақстан мемлекеттік органдары шетел инвесторларына тек ағылшын тілінде қызмет көрсетеді екен.

Бір нәрсе есіме түсіп кетті.

Осыдан біраз уақыт бұрын қызым шетел компаниясына аудитор боп жұмысқа тұруға талап жасап, ондағы басшылар оның конкурстан өтуінің қосымша бір себебі қазақ тілін жетік білгені деп айтып еді: «Біз Қазақстан халқын сыйлаймыз, тілін құрметтейміз, сондықтан бар қарым-қатынасты, хат байланысты тек мемлекеттік тілде жүргізуіміз керек!» деген сыңайда пікір айтып еді.

Сөйтіп, орыс және ағылшын тілін тәп-тәуір білетін балама қазақ мектебін бітіргені мықты септігін тигізіп еді.

Енді жағдай не болмақ?

Содан бері жағдай өзгеріп кеткен бе?

Әлде инвестор өзгерді ме?

Бір нәрсе анық – қазақ тіліне қырын қарайтын билік өзгерген жоқ!

PS. Айтпақшы, неміс, француз, қытай, жапон, кәріс инвесторларға да инглш тілінде қызмет көрсетпекшіміз бе?

Әміржан Қосанов,

Facebook парақшасынан





6 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Ш.З.Д. 7 Желтоқсан, 2017, 12:32

    Ағылшын тілін меңгеру керек деген ұран бір кесепат болды. Ағылшын тілі Қазақ тілінің алдын орап, көп кедергісін келтіруде. Қазір жастардың да, өзге ұлттардың да дені ағылшын тілін үйренуге жаппай бет бұруда. Сөйтіп, Қаза тілі ағылшын тілінің аранына жұтылатын түрі бар. Бұл жалаң жанайқай емес, көзіміз көріп жүрген көрініс.

    Жауап жазу
  2. Мәке 7 Желтоқсан, 2017, 16:36

    Кеше таяуда қазақ балабақшасына берген немеремді алуға барғанымда, бір ата-ана жаңа жылға балама орыс тілінде тақпақ бересіз бе деп сұрады. Ия деп тәрбиеші жауап берді. Қазақ балабақшасы емес пе неге орысша бересіз деп едім. Біз ағылшын тілінде де береміз. Бағдарлама бар емес пе деді. Бұл үш тіл пәле болды. Немерем 3 жаста. Балабақшаға барғаннан бері орысшылайтын болды.

    Жауап жазу
  3. 2 АҚПАН 7 Желтоқсан, 2017, 22:52

    ТРАМПТЫҢ ӘЛЕМДІК САНКЦИЯСЫ ӨТЕ ҚАУІПТІ РЕСЕЙ ЭКОНОМИКАСЫ КӨТЕРЕ АЛАДЫМА ЖОҚПА УАҚЫТ КӨРСЕТЕДІ.

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 8 Желтоқсан, 2017, 03:02

    Елім, жерім, тілім деген басшылар болмағасын, басшым дейтін ел қайдан болсын.

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 10 Желтоқсан, 2017, 18:18

    Елді комунист билеп отрғанда Кремльдің тағаиындаған Қазақ елі еш уақытта Тәуелсіз болмаиды Қазақ тілі еш уақытта оң баиды Қазақ елі тоналғаны тоналған

    Жауап жазу
  6. Мұстафа 10 Желтоқсан, 2017, 19:12

    Жақсы сөз жарым ырыс.Жақсы сөз айтайықшы.Түнілгеннен сақтанайық.Түн ұзақ .болғанымен күн шықпай тұрмайды.Түнілме қазақ түнілме Арайлап атар Таң жақын.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*